Талғат сайрамбаев


қаралы, шамалы, дүркін, мəрте



Pdf көрінісі
бет106/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

қаралы, шамалы, дүркін, мəрте, т.б. Бұл қосарлы сөздер сан 
есімдер мен етістіктерді байланыстырудың дəнекері болған. Бірақ 
тіл дамуының нəтижесінде сан есімдер мен етістіктің тіркесі 
жалпы айтылуға ыңғайлы бола бастауына байланысты тілдік 
үнемдеушіліктің нəтижесінде, кейде түсіп қалып та қолданылған. 
Сөйтіп, кейін келе-келе сан есімдердің етістікпен тіркесі дəнекер 
сөздерсіз, яғни тікелей тіркесуі арқылы да пайда болады. Ал 
қазіргі тілде дəнекер сөздерсіз келуі сирек. Жалпы сан есімдердің 
дамуы тек түркологияда ғана емес, сол сияқты орыс, т.б. тілдерде 
де өзіндік жолмен жасалған. Қазақ тілінде сан есімдердің бір-
неше түрлері барлығы мəлім. Бірақ сол түрлердің қалыптасуы 
бірдей емес, əрқилы, олардың алғашқы бірқатары септік, реттік 
сан есімдері болған. И. А. Батманов енисей немесе ортағасырлық 
түркі ескерткіштерінде олардың бөлшектік түрлерінің кездес-
пейтіндігін дəлелдейді [30, 130]. Проф. К. Мусаев қазіргі қазақ 
тілінде бөлшектік сан есімнің өте молаю процесін тіл дамуының 
жаңа түрінің жемісі деп қарайды [31, 217]. Қазақ тілінде бөл-
шектік сан есімдер мол. Олар матаса, меңгеріле байланыса-
тын сөз тіркестерін құрайды. Сан есімдердің тіркес құраудағы 
ерекшеліктері олардың түрлі қосарлы сөздер мен нумеративті 
сөздер арқылы тіркесінен де айқын байқалады.
Сан есім кейде басқа сөздерге де қатысты жұмсалатын рет, 
мəрте, т.б. қосарлы сөздері арқылы қабыса байланысқан сөз 
тіркестерін құраса, қазіргі тілде ондай аналитикалық тіркесу 
Биылғы астық жоспары екі есеге жуық артығымен орындал-
ды тəрізді, қосарлы сөздердің септелуі негізінде сан есімдердің 


220
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
шылаулы түрлері де қалыптасты. Бұлардың бəрі тіл дамуының 
нəтижесінде пайда болды. Жалпы нумеративті сөздердің өзі 
байырғы, яғни кейінгі дəуірлерде қалыптасқан интернационал-
дық (километр, метр, килограмм, грамм, сағат, минут, секунд, 
градус, т.б.) топтарға жіктеледі. Соңғы топтың қалыптасуы сан 
есімдердің тіркесімділік қасиетіне де өзгеріс енгізді, жаңа фор-
ма пайда болды. Сонымен, сан есімдер құрамындағы өзгерістер 
олардың етістіктермен тіркес құрамына ықпал жасады. Н.З. Гад-
жиева мұндай модельдің жалпы түркі тілдеріне ортақ екендігін 
айтады [32, 65]. Қазіргі қазақ тіліндегі интернационалдық ну-
меративті сөздер – -лы, -лі, -лық, -лік жұрнақтарымен бірге 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет