222
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
теректеу үстеулері басыңқы қызметте қолданылған. Бұл əдеби
тіл құрамындағы тілдік элементтердің функциялық дамуының
нəтижесі болса керек.
Қазіргі тілімізде көмекші сөздердің қатынасы арқылы сөз
тіркестерінің жасалуы кең құбылыс. Дегенмен бұл құбылыс – тек
соңғы кездің жемісі. Өйткені ескі ескерткіштер тілінде көмекші
сөздер өте аз [35, 49], тіпті ХVІІІ ғасыр нұсқауларының тілінде
қазіргі тіліміздегі шылаулардың көпшілігі кездеспейді [36, 146].
Бұдан мынадай жайды аңғаруға болады. Қазіргі тіліміздегі шы-
лаулардың кеш қалыптасуы. Қазіргі тіліміздегі көмекші сөзді
тіркестер сала-сала ретінде қалыптасты.
Достарыңызбен бөлісу: