586
Қазіргі қазақ тілі
соңғыдан негізгі айырмашылығы мынау: егер меңгеруде өзара
байланысқан сөздердің бірі екіншісіне бағынып тұлғаланса, мата-
суда бағыныңқы сөз бағынатын сөзге қарай айқас байланысады.
Басқаша айтқанда, бір сөздің белгілі жалғауда тұруын керек ететін
сөз оның жетегінде айтылып, оған бағынып тұрады. Егер қиысуда
бағыныңқы
сөз басыңқы сөзге иек артып, соның жақтық, көптік
мағынасына лайық белгілі грамматикалық тұлғада айтылса, ма-
тасуда,
керісінше, басыңқы сөз өзіне бағыныңқы сөздің жақтық
мағынасымен үйлесіп, тиісті грамматикалық тұлғада (тəуелді
жалғауда) жұмсалады. Сөйте тұрып, бағыныңқы сөздің тиісті
жалғауда (ілік септікте) айтылуын керек етеді:
Менің қарындасым келді,
Сенің қарындасың келді,
Оның қарындасы келді.
Мұнда тəуелдік жалғаулардағы
бастауыштарға баяндауыш-
тар бағындырылып, ілік септіктегі сөздер олардың анықтауыш-
тары болып тұр. Ортадағы сөздің бірде І жақтық, бірде ІІ жақтық
тұлғада айтылуы оның бағыныңқысының ерекшелігіне қарай
түрленеді де, олардың қай жақта
болуымен байланысты бола-
ды. Сонда тəуелдеулі сөздердің өзіне бағыныңқы сөздермен
мағыналық байланысы айқасқан байланыс болады. Оны қиысумен
салыстыра көрсетсек, былай болар еді.
Қиысу
Матасу
Бастауыш
Баяндауыш Анықтауыш
Анықталушы
Матаса байланысуды қиысудан бөліп қарау қазақ тілінің, со-
нымен қатар басқа түркі тілдерінің де
сөйлем құрылысында бар
синтаксистік ерекшелікті дұрыс тануға себепкер болады. Олай
етпей
, ағаштың жапырағы, менің жолдасым дегендерді тек жақ-
тық, сандық қиысу тұрғысынан қарағанда, ондай топтағы ба-
сыңқының тұлғалануы ескеріледі де, ілік жалғауындағы сөздердің
тəуелдеулі сөздерге бағыныңқылық ыңғайда жұмсалатыны
ескерілмеген болады. Шынында, олардың екі жағын бірдей ескеру
керек.
Матасу деген терминді қолдануда
изафеттік құрылыстағы
(
Темірбектің інісі тəрізді) тіркестің басқа сөз тіркестерімен де
тізбектеліп, жалғаса беретінін ескеру қажет. Мысалы:
587
Қазіргі қазақ тілі
Темірбектің інісі;
Темірбектің інісінің пальтосы;
Темірбектің інісінің пальтосының түймесі;
Темірбектің інісінің пальтосының түймесінің жібі;
Сенің жолдасың;
Сенің жолдасыңның сөзі;
Сенің жолдасыңның сөзінің қорытындысы;
Сенің жолдасыңның сөзінің қорытындысының жалғасы.
Бұл матаса байланысқан бір тізбекті тіркестің (Темірбектің
інісі, інісінің пальтосы...) соңғы сөзі одан бұрын тұрған сөзбен
матаса байланысып, ол басқа сөздермен тағы сондай синтаксистік
байланысқа еніп, 3-4 сатылы топ жасалған. Ол топтың бірінші
жəне соңғы сөзінен басқалары да анықталушы əрі анықтауыш бо-
лып, бəрі жиналып, өзара матаса байланысқан синтаксистік шумақ
құрып тұрады.
Изафеттік құрылыстағы сөз тіркестерін
өзара матастырып
тұратын грамматикалық тұлғалар – ілік, тəуелдік жалғаулары.
Сонда ондай сөз тіркестерінің бірінші сыңары ілік жалғауында ай-
тылады да, екінші сыңары тəуелдік жалғауда болады. Тек
біз, сіз
деген екі сын есім ілік жалғауда жұмсалғанда, онымен тіркесетін
сөзі жалғаусыз да айтылады:
біздің бала, біздің ауыл, сіздің бала,
сіздің ауыл.
Достарыңызбен бөлісу: