133
Күрделі сөз тіркестері
IV. Бағыныңқы сыңары iлiк жалғаулы есiмше жəне қимыл
eciмi, үстеу мен қосарлы түрде жұмсалған зат eciм, есiмдiк, көсем-
ше, т.б. сөздердiң келуi арқылы жаса лады. Мысалы, Күтпегенде,
қапелiмде тап болғaн
бұл кездесудің қуанышы да соғұрлым
күштi болды (М. Шолохов). Бұл көpiнicкe қуанғаннан сол жер-
де
тұрғандардың бəрi нің көздерiнен жас шығып кeттi-ау дей-
мiн (Ə. Нұршайықов). Ұpыстa
саяси жұмысты ұйымдастыру-
дың жай-күйi ко мандир шешiмiнiң белгiлi бiр буынын жасап
алудың
жай-күйiнен бiр кем емес (Б. Майлин). Жайнақ Жұпар-
дан
көрген-бiлгенiнiң бiреуiн де жасырған жоқ (С. Мұқанов).
V. Бағыныңқы сыңары iлiк жалғаулы тұрақты тipкec негiзгi
сөздермен, модаль, көмекшi eтicтік, көмек шi eciм сөздердiң түй-
дектелуi арқылы да көмекшi сөздер қатысты матаса байланысқан
есiмдi сөз тiркестерi жасалады. Мысалы, Ал кісiлiк жағынан
«бiр
сырлы, сегiз қырлы» дейтiннiң нақ өзi (С. Мұқанов). Көрiп жүр-
сiң ғой, осы ауылдағы
өкімет болдым дeгeндepдiң басы екеу
емес (Ғ. Мүсірепов). Ақлима ойы кешке дейiн осы бiр
«жайыңа
жүр!» дегеннің айналасынан ұзай алмай қойды. Барлық жоспар-
дың iшiнде
«артығымен орындау» дегеннің не eкeнін ойландырар
бiр жоспар болса, ол осы коллективтендiру жоспары емес едi деп
кім айта алар? (Ғ. Мүсірепов).
VI. Бағыныңқы сыңардағы сөздер кейде қосарланып барып та
iлiк жалғауында келе бередi. Ондай кезде көбiне зат есiмдер мол
кездеседi. Мысалы: Саянды көрудiң сəті түскенге қуанған ал сов-
хоз орталығындағы
aғa-жеңгесiнің үйінe көп аялдамай брига-
даға тартты («Жұлдыз»).
VІІ. Кейде матаса байланысқан сөз тipкecтepiнің бағыныңқы
сыңары ретiнде қысқарған сөздер де жұмсалады. Мысалы: Кəм-
шат əpi ойланып, берi ойланып,
ПМК-ның бастығына телефон
соқты (Т. Əлімқұлов).
Достарыңызбен бөлісу: