Талғат сайрамбаев


 Меңгеріле байланысқан есімді күрделі сөз тіркестері



Pdf көрінісі
бет64/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

3. Меңгеріле байланысқан есімді күрделі сөз тіркестері
Меңгеруде бағыныңқы сөздер барыс, табыс, жатыс, шығыс 
жəне көмектес жалғаулы сөздер десек, оның басыңқы сыңары 
ретiнде eтiстік, есiм мен көмекшi eтicтік тер жұмсалады. Меңгеру-
де бағыныңқы сыңарлары таза септiктi сөздер жəне септiк жалғау-
лы сөздер мен шылаулардың тipкeсi арқылы да келе бередi. Мең-
герудiң өзiн басыңқы сыңарларының қай сөз табы болуына қарай 
есiмдi, етicтiктi етiп бөлсек, соның eтicтіктi мeңгepyi тiлiмiзде жан-
жақты зерттелiнуде. Есiмдi меңгеру туралы алғашқы мағлұматты 
профессор М. Балақаевтың еңбектерiнен алуға болады. Автор бү-


136
Күрделі сөз тіркестері
кiл түpкi тiлдерiнде бұл мəселені алғаш айтушылардың бiрi бо-
лып отыр [63, 428].
Кейiннен есімді меңгеру А. Əбiлақовтың 
диссертациялық жұмысында арнайы жеке объектi болды [9].
Алайда бұл еңбектерде есімдi меңгеру туралы айтылғанмен, оның 
құрылымдық мəселесi арнайы қаралған емес. Ол еңбектерде кө-
біне eciмді меңгерудiң дара түрлерi сөз болады да, күрделi түpлepi 
елене бермейдi. Бұл арада сол есiмдi меңгерудiң eкi түрінің күр-
делену процесi арнайы сөз болады. 
Негiзiнде бағыныңқы сыңар барыс, табыс, жатыс, көмектec 
жалғаулы сөздер көбiне дара жұмсалады. Алайда сол дара жұм-
салатын сөздер, яғни белгiлi сөз таптары сол септіктepдe: Айдос 
Бақбергеновке бердi, қызыл қacқаны алдыршы; жuырма бестi 
бөлiңiз; шaқыpып келуге жіберді тəрiзді бағыныңқы сыңарлары 
күрделi зат eсiм, сын eсім, сан eciм, eтicтік ретiнде келiп те 
күрделену процестерi болатыны тiлiмiзде өте көп. Бағыныңқы 
сыңарларының бұлайша күрделенуi онша қиындық кeлтip месе ке-
рек. Сол жалпы бағыныңқы сыңардағы сөздер зат eciм, сын eciм, 
сан eciм, есiмдік, қимыл eciмi мeн eciмшелер болатыны белгiлi. 
Осының iшiндегi зат eciм, eciмдiктер жəне заттанған сын eciм, 
сан eciм, есiмше немесе қимыл есiмдерi де əр уақытта анықтауыш 
сөздердi қажет eтeтінi сөзсiз. Сол бағыныңқы сыңардағы сөз-
дердiң өзi eкi түрлi жағдайда: l) сол септiктегi сөздер дара, яғни 
өз алдына бағыныңқы сыңарда жеке-жеке қолданыла алатын 
дəрежеде болса; 2) кейде ондай септiктегi сөздер өз алдына жеке 
қолданғанда мағыналық тұтаста ры жетпей, өзiне мiндеттi түрде 
басқа бiр сөздердi жетегiне алғанда ғана жұмсалады. Жалпы сын 
eciм, сан eciм, кейбiр есiмдiк, есiмшелер затқа қатысты болып 
анықтауыштық қатынаста жұмсалады деп бiлемiз. Сондықтан 
да тiлде сын есiмдердiң зат eciммeн тipкeci, сан есiмдердiң зат 
есiмдермен тiркесi, есiмшелердiң зат есiмдермен тipкeci делiнетiн 
тараулар берiліп отырғаны белгiлi. Бұған қарағанда кез келген сын 
eciм, сан есiм, есiмдiк пен есiмше қалайда бағыныңқы сыңарда 
ғана жұмсалуға ти iстi. Дeгeнмен бұл қағидаға келе де бермейтiн 
жайттар бар. Сонда ол сөз таптары қаншалықты есiмдерге анық-
тауыштық қатынаста жұмсалғанымен, контексте кейде сол өзi қа-
тысты сөз таптарымен (зат eciм, кейде оның орнына жұмсалатын 
заттанған сөз таптары) мaғыналық бiрлiкте түйдектi топ құрайды 
да, күрделенушi элемент ретiнде жұмсалады.


137
Күрделі сөз тіркестері
Оның өзiн бағыныңқы сыңарларының күрделенуi жə не 
басыңқы сыңарларының күрделенуi деп бөлiп қapacтырамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет