Талғат сайрамбаев



Pdf көрінісі
бет19/58
Дата07.02.2017
өлшемі2,81 Mb.
#3584
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   58

ІІ

СӨЗ ТІРКЕСІ МЕН 

ЖАЙ СӨЙЛЕМ 

СИНТАКСИСІ

АВТОРДАН

І. СӨЗ ТІРКЕСІ СИНТАКСИСІ

ІІ.  ҚАЗІРГІ  ҚАЗАҚ  ТІЛІ  СӨЗ  ТІРКЕСТЕРІНІҢ  НЕГІЗГІ 

МƏСЕЛЕЛЕРІ

 

 1. 



Сөз тіркестерінің тарихы туралы бірер сөз

 2. 


Сөз тіркесінің ортақ басыңқы сыңарлары

 3. 


Сөз тіркестерінің жанаса байланысу формасы

 4. 


Есімдіктердің етістіктермен қабыса байланысу формасы

 5. 


Сөз тіркестерінің байланысу тəсілдері, түрлері, жасалуы

 6. 


Кейбір жаңа тіркесімділік туралы

 7. 


Бір сөздің қайталануы арқылы құралған сөз тіркестері

 8. 


Синтаксистік терминдер туралы

 9. 


Меңгеріле байланысқан сөз тіркестері

 10. 


Сөз таптары, олардың сөз тіркестеріне қатысы

 11. 


Шартты рай, оның синтаксистік ерекшеліктері

 12. 


Тілдік экономияның сөз тіркесі мен 

 

      сөйлем  мүшесіне қатысы



 13. 

Қазіргі қазақ тіліндегі салт-сабақты етістіктердің

 

      меңгерілуі 



203

Сөз тіркесі мен жай сөйлем

АВТОРДАН 

Осы  күнге  дейінгі  сөз  тіркестері  туралы  əдебиеттер  сөз 

тіркестерінің  негізгі  заңдылықтарының  қалыптасуы  мəселесімен 

баса  айналысса,  соңғы  кездің  зерттеу  жұмыстары  оның  əрбір 

категориясының  нақтылана  түсу  бағытына  ауысып  отыр.  Бұл 

еңбекте қазақ тіліндегі сөз тіркесінің сөз болған немесе кейде тіпті 

ескерусіз жатқан мəселелеріне баса назар аудардық.

Əсіресе, сөз тіркесінің сөйлемде немесе сөйлемнен тыс катего-

рия еместігі, сөз тіркесінің синтаксистік бірлік екені, номинативті 

мəні,  сөйлемдегі  сөздердің  байланысы  сияқты  мəселелер  тек 

қазақ тілінде ғана емес, бүкіл түркологияда талас тудырып келеді. 

Сондықтан біз осы мəселелерді айқындауға баса көңіл аудардық.

Еңбектің  екінші  бөлімінде  есімдіктердің  етістікпен  тіркесі, 

бір  сөздің  қайталануы  арқылы  құралған  сөз  тіркестері,  меңгеру 

аясының  кеңеюі  мен  тарылуы,  оны  меңгеретін  салт,  сабақты 

етістіктердің  статистикасы,  жаңа  сөз  тіркестері,  тілдік  эко-

номия  сияқты  бұрын  онша  сөз  болмаған  мəселелерге  арнайы 

тоқталдық. Қазақ тіл біліміндегі жанаса байланысу формасы мек-

теп  оқулықтарында  ғана  беріліп,  ғылыми  еңбектерде  екіұшты 

айтылып  жүргені  белгілі.  Бұл  байланысу  формасы  басқа  түркі 

тілдерінде  болмағанымен,  қабыса  байланысудан  бөлекше,  оның 

жеке байланысу формасы ретінде жасалу жолдарын айқындадық. 

Ал  сөз  тіркестерінің  түрлері  мен  оның  байланысу  амалда-

ры  сияқты  мəселелер  арнайы  айтылып  келе  жатқанымен,  сөз 

тіркесінің басыңқы сыңарына ортақ басыңқы түрін, ал байланысу 

тəсілдерінде  аналитикалық-синтетикалық  атты  ІІІ  түрін  енгізіп, 

оның өзіндік объектілерін айқындадық.

Сөз тіркестері, негізінен, сөз таптарының тіркесі десек, оның 

өзінің  тіркесу  қабілетіне  қарай:  əр  сөз  таптарының  тіркесі,  бір 

сөздің  қайталануы  арқылы  тіркесі  жəне  бір  сөз  табының  өзара 

тіркесі деп бөле келіп, ғылыми жағынан айқындадық. Шартты рай, 

бір сөздің қайталануы сияқты тың тақырыптар енгізілді.

Əсіресе  соңғы  кезде  енді-енді  қолға  алына  бастаған  тілдік 

экономияның  өзіндік  орны,  оның  сөз  тіркесінің  байланысу  фор-

масы  мен  сөйлем  мүшелеріне  əсері,  ондай  кездегі  өзгерістер  сөз 

болады.


204

Сөз тіркесі мен жай сөйлем

І. СӨЗ ТІРКЕСІ СИНТАКСИСІ 

Синтаксистің  объектісіне  сөз  тіркесі,  жай  сөйлем,  құрмалас 

сөйлем  жəне  күрделі  синтаксистік  тұтастық  жатады.  Соңғысын 

В.В.  Виноградов  «Завершающей  частью  грамматики»

 

[1, 13] деп 



синтаксистің объектісіне жататын синтаксистік категориялардың 

барлық жиынтығының шоғырланған тобы деп берген болатын.

Кейде  осы  күнге  дейінгі  синтаксистік  категорияларды  осы 

ретпен  берумен  бірге,  керісінше,  күрделі  синтаксистік  тұтастық, 

құрмалас сөйлем, жай сөйлем жəне сөз тіркесінің синтаксисі деп 

қарастыру да кездеседі.

Əсіресе  синтаксистің  осы  салаларының  ішіндегі  соңғы  кезде 

жан-жақты қолға алына бастаған объектісінің бірі – сөз тіркесінің 

синтаксисі  жөнінде  қазақ  тілі  жəне  қазақ  тілі  мен  басқа  тілдерді 

салыстыру  жайында 400-дей  монография,  оқулық  жəне  мақала 

жарық көріпті. Ол еңбектерде сөз тіркесінің теориялық мəселелері, 

сөз тіркесінің орыс тілі, ағылшын, неміс тілдерімен салыстырыла 

берілуі, тарихы сияқты мəселелер қамтылғанымен, сөз тіркестерін 

мектептерде  оқытудың  методикасы  бірер  мақаланың  төңірегінде 

ғана  сөз  болып  отыр.  Сондықтан  да  сөз  тіркесіне  қатысты 

методикалық мəселелер – жан-жақты қарастыруды күтіп отырған 

күрделі  мəселе.  Сөз  тіркесінің  теориясында,  түркологиялық 

еңбектерде бір ізге түспеген мəселелер баршылық.

Атап айтқанда, сөз тіркесі сөйлемде қолданыла ма, жоқ одан тыс 

категория ма, сөз тіркесіне салалас не сабақтас тіркестердің қатысы, 

олардың  құрылысы,  сөз  тіркесінің  сөйлемнен  айырмашылығы 

сияқты мəселелері əлі де болса жан-жақты талдауды қажет етеді. 

Енді осылардың кейбіріне аздап тоқталуды жөн көрдік.

1.  Сөз  тіркесі  сөйлемде  немесе  сөйлемнен  тыс  қолданыла 



ма? деген мəселе төңірегінде де талас пікірлер кездеседі. Бұл мə-

селенің өзі тек түркологияда ғана емес, орыс тіл білімінде де онша 

шешімін таба қойған жоқ. Дегенмен, орыс тіл білімінде В.В. Ви-

ноградов, В.Н. Ярцева, Д.Ю. Кобрин, К.Н. Абервух, түркологияда 



205

Сөз тіркесі мен жай сөйлем

М. Балақаев, М.Х. Закиев сөз тіркесі негізінде тек сөйлемде, яғни 

сөйлемнің құрылыс материалы ретінде  қолданылады деп дəлел-

дейді.


Шынында  да,  сөз  тіркесі  де  сөз  тəрізді  қолданылады.  Жал-

пы  сөз  лексика,  семасиология,  морфология  мен  синтаксистің 

объектісі екені белгілі. Егер сөз сол тілдік салалардың барлығына 

да қатысты десек, сөз тіркесін құраудың да басты тірегі. Сөйлемде 

үнемі  жекелеген  сөздер  ғана  емес,  тіпті  тұрақты  тіркестер  (ТТ), 

күрделі терминдер (КТ) де сол сөз сияқты өмір сүреді. Сонда сөз 

де,  ТТ,  КТ  де  сөйлемде  қолданысы  жағынан  ұқсас.  Олай  болса, 

бұл  топтар  сөйлемге  материал  болады.  Əрбір  сөз  сөйлемде  өзі 

мағыналас сөздермен өзара сөз тіркесін құрайды, сол топтардың 

жиынтығы сөйлем құраудың негізгі материалы болып табылады. 

Сөз тіркесінің сөйлемде құрылыс материалы болуының өзі оның 

ажырамас бір бөлігі ретінде қолданылатынын, əсіресе сөйлемнің 

ойды  білдірудегі  алғышарты  сөз  тіркестері  арқылы  жүзеге  аса-

тынын  көрсетсе  керек.  Мұның  өзі  сөз  тіркесінің  тек  сөйлемде 

жұмсалатындығының негізгі шарты. Əрине, мына нəрсені де еске 

алған жөн. Сөйлем үнемі бірнеше сөз тіркесінен құрала бермейді. 

Сөйлем жеке сөзді де, екі сөзді де бола береді. Əрине, ол сөйлемнің 

негізгі құрылымдық ерекшелігінен туады, жалпы сөз де, сөз тіркесі 

де  бір-бірімен  тығыз  мағыналық  байланыста  келіп,  тек  сөйлем 

ішінде сөйлем құрауға материал болады. Сонымен, сөйлемдегі сөз 

тіркесінің қалыптасуының өзі сол сөйлемді құрайтын əрбір сөздің 

келесі  бір  сөздермен  қарым-қатынасының,  мағыналық  бірлігінің 

негізінде айқындалса керек.

Сөйлемдегі  сөздер  дара-дара,  дара  сөз  бен  күрделі  сөз  неме-

се күрделі сөз бен күрделі сөз болып келеді. КТ мен ТТ-де басқа 

сөздермен мағыналық байланысқа түсіп, сол тобымен бір ырғақты 

топ құрай келіп, сөз тіркесінің де, сөйлемнің де аясын кеңейтеді. 

Бұдан шығатын қорытынды – сөйлем үнемі тек сөз тіркестерінен 

құрала бермейтін де жайттар бола береді.

2. Сөз тіркесі –  синтаксистік единица. Орыс тіл білімінде, 

сол сияқты түркологиялық білімнің алғашқы қалыптасу кезінде 

де  сөз  тіркесі  айтылып  келді.  Бірақ  сөз  тіркесі  бірде  жай  сөй-

лемнің  синтаксисінде,  кейде  керісінше,  жай  сөйлем  сөз  тірке-

сінің бір нұсқасы ретінде қарастырылады. В.В. Виноградов ең-



206

Сөз тіркесі мен жай сөйлем

бектерінен  бастап  сөз  тіркесі  синтаксисі  синтаксистің  негізгі 

бір  жеке  объектісі  ретінде  қарала  бастады  да,  сол  кезден  осы 

күнге  дейінгі  орыс  тілі  жайлы  еңбектердің  барлығында  син-

таксистің басты объектісі ретінде сөз тіркесі жəне сөйлем деп 

берілу  негізгі  бағыт  болып  отыр.  Осы  сияқты  бағыт  түрко-

логиялық əдебиеттерде де орын алғаны белгілі. Е.И. Убрятова 

сөз  тіркестерін  сөйлем  мүшелерінің  ыңғайына  қарай  қарас-

тырды,  осы  пікірді  С.  Аманжолов  та  қолдаған-ды.  Ал  қазіргі 

кезде  сөз  тіркесі  қазақ  тілінде  де  синтаксистік  бірлік  ретінде 

арнайы қарастырылып келеді. Солай бола береді. Дегенмен де 

сөз  тіркесінің  синтаксистік  единица  екені  туралы  соңғы  кезде 

талас пікірлер де орын ала бастады.

А.Н.  Гвоздев,  Д.В.  Фоменко  сияқты  ғалымдар,  əсіресе, 

соңғы  ғалым  «Словосочетание  является  ли  единицей  языка?» 

деген арнайы мақала жазып, онда сөз тіркесі жалпы жеке қаралуға 

тиіс емес деген қорытындыға келді 

 

[2, 21]. Осы мақаланың төңіре-



гінде  де  бірнеше  даулы  мақалалар  жарияланды

   


[3, 18]. Сол  жа-

рияланған мақалаларда сөз тіркесінің единица екеніне баса назар 

аударылады.

Негізінде сөз тіркесі синтаксисі – синтаксистің негізгі бір са-

ласы. Ол дау тудырмаса керек. Өйткені, біріншіден, осы уақытқа 

дейінгі бүкіл грамматикада орын алып келді, екіншіден, сөйлем-

нің де іштей өз жасалу жігі, өзіндік тобы болатыны еске алынуы 

керек. Ондай топ негізінен тек сөз тіркесі арқылы ғана көріне ала-

ды. Қалаға барды, жақсы оқушы өз алдына тұрғанда сөйлем де 

емес.  Бірақ  сол  сөздер  бір-бірімен  тіркесу  арқасында  сөйлемнің 

аясын  кеңейту,  соны  дамыту  үшін  жұмсалады.  Соған  материал 

болады. Сол материалдық топты өз алдына жеке объекті ретінде 

қарастыруға тура келеді. Бұл оның өзіндік тілдік единица екенін 

дəлелдесе керек.

3.  Номинативті  мəн.  Сөз  тіркесінің  сөйлемдегі  атқаратын 

қызметі туралы да бірнеше көзқарастарды байқауға болады. Жал-

пы сөз тіркесі мен сөйлемнің əрқайсысының өзіндік қызметі бар. 

Сол  қызметі  сөз  тіркесінде  номинативті  сөйлем  коммуникативті 

екені  туралы  пікір  алғаш  рет  В.В.  Виноградовтың  еңбектерінде 

кездессе,  соңғы  еңбектерде  олардың  ерекшеліктері  түрлі  бағыт-

та айтылып жүр.


207

Сөз тіркесі мен жай сөйлем

В.В. Виноградов, А.С. Смирницкий, В.В. Бабайцева, А.Н. Бас-

каков [4]

 

сөз тіркесінің номинативті мəнін айтса, В.Г. Адмони сөз 



тіркесінде номинативті мəнімен бірге коммуникативті мəні туралы 

да айтады. Ю.В. Фоменко сөз тіркесінің номинативті екенін жоқ-

қа шығарса

 

[5, 60], А. Моисеев, М. Балақаев сөз тіркесінің грам-



матикалық  жағына  назар  аударады [6, 56]. Жалпы  номинативті 

мəн  сөзге  тəн,  сондықтан  да  сөз  заттың,  қимылдың,  санның, 

сынның атауы болатыны дау тудырмаса керек. Ал сөз тіркесінен 

номинативті мəн іздеудің ойға онша қонбайтынын мынадай жайт-

тардан  байқауға  болады.  Сөз  заттың,  құбылыстың,  сапаның  ата-

уы  болса,  сөз  тіркесі  сондай  номинативті  атаулардан  құралған 

синтаксистік  топ.  Сөз  тіркесіндегі  сөздер  номинативтікті  (ата-

уышты) білдіру үшін емес, толықтауыш, пысықтауыш, анықтауыш 

сияқты жаңа грамматикалық мағыналарды білдіру үшін тіркеседі. 

Олай  болса,  жақсы  студент,  екі  бала,  баланың  кітабы  деген 

сөз  тіркестеріндегі  əрбір  бағыныңқы  сөздердің  əрқайсысының 

өзіндік номинативтік мəні бар екені мəлім. Енді сол номинативті 

мəні  бар  сөздердің  тіркесі  арқылы  тағы  бір  номинативті  мəн 

пайда  болды  деуге  келе  бермейді.  Демек  номинативтік  мəн  тек 

жеке  сөздерге  тəн,  кейде  ондай  мəн  сөз  тіркестеріне  формалдық 

жағынан ұқсас келетін күрделі сөзді терминдер мен күрделі атау, 

газет, журнал, мақала, кітап аттары мен ТТ ғана болады.

КТ  кемінде  екі-үш  сөзден  құралады  жəне  олардың  əрқайсы-

сының  өзіндік  жасалу  жолы  болады.  Сол  тобымен  тілде  но-

минативтік қызметте жұмсалады. Əрине сол КТ пен сол іспеттес 

синтаксис тіркестер кейде бір-біріне ұқсас та бола береді. Мына 

мысалдарға назар аударайық.

үлкен

кіші    


тау

биік


аласа

қарлы   


тау

қарсыз


Бұлар  тау  сөзінің  əртүрлі  сындық  қасиетін  көрсетсе  ке-

рек.  Ондай  сындар  тау  сөзінің  əртүрлі  қасиеттерін  көрсетеді  де, 

өзінің  анықтайтын  сөзімен  синтаксистік  сөз  тіркесін  құрайды. 


208

Сөз тіркесі мен жай сөйлем

Сол сияқты Ардақ өзені бар да, сол өзеннің əртүрлі ерекшелігін 

білдіретін  сөздер  еркін  синтаксистік  топ  құрайтын  болса,  енді 

Кіші Ардақ əн аты арқылы белгілі бір атау ретінде де жұмсалады. 

Осы  сияқты  номинативтік  мəн  тек  сын  есімді  анықтауышты 

тұлғадағы  сөздер  арқылы  ғана  емес,  «Біз  тау  қиялап  жүріп 

келеміз» немесе «Өзіміздің туған жерде еңбек қарқынын артты-

рудамыз» деген сөйлемдердегі курсивпен жазылған зат есім мен 

көсемшенің, есімше мен зат есімнің тіркесі «Тау қиялап, Туған 

жер»  тіркестерінің  қызметі  мен  мəні  бірдей  емес.  Біріншісінде 

кəдімгі еркін тіркес ретінде жұмсалса, екіншісі əннің аты ретінде 

жұмсалған. Сол сияқты осы тұлғалық ерекшеліктерде «Қазақстан 

əйелдері», «Қазақстан  мұғалімі», «Үгітші  блокноты»  сияқты 

журнал аттары немесе Мешін жылы, Тұнық су, Адамзатқа хат

сол сияқты басқа да атаулар сол арнайы кітап, журнал беттерінде 

жазылған  орнында  ғана  номинативтік  мəнге  ие  де,  егер  тұнық 



судан  іштім,  мешін  жылы  туыппын  сияқты  айтылатын  болса, 

əдеттегі  анықтауыш,  анықталушы  сөздер  тобы  болып  шығады. 

Сол  формада  еркін  тіркесте  немесе  осы  сияқты  күрделі  атау 

ретінде жұмсала береді. Сонда күрделі атау, терминдер кемінде екі 

сөзден бірігіп жұмсалғанымен, олардың тобымен бір заттың атын 

білдіруі еркін тіркестен негізгі айырмашылығы болып табылады. 

Сонымен, кез келген екі немесе одан да көп сөзден келген сөздер 

тобының  бəрі  еркін  тіркес  ретінде  жұмсалмай,  атауыш  қызме-

тінде  де  жұмсалады.  Ондай  қызметте  жұмсалатын  сөз  тіркесте-

ріне газет, журнал, кітап аттары, КТ күрделі атаулар жатады.

Д.В. Фоменко номинативті мəн туралы айта келіп: «номинатив-

ті  мəн  анықтауыштық  қатынастағы  дара  сөз  тіркестеріне  (белая 

березка)  тəн, – дей келіп, – ал күрделі жəне құрама сөз тіркесте-

рінде  (редкая  критика  профорга  за  бездеятельность)  ойлану  ке-

рек» – деген болатын [5,60]. Шындығында, жай сөз тіркестерінен 

номинативті  мəнді  іздеуі  автордың  күрделі  атау  мен  еркін  сөз 

тіркестерін  ажыратпаудан  шығып  отыр.  Негізінде  номинативті 

мəн сөз тіркестерінің дара түріне тəн, күрделі түрі жайлы ойлану 

керек деген пікіріне біз қосыла алмаймыз. Негізінде сөз тіркесінің 

дара, күрделі, тіпті аралас түрлері жайындағы номинативті мəні-

нен гөрі грамматикалық жағына назар аудару – негізгі принцип.

Сонымен,  сөз  тіркестерінен  номинативті  мəннен  гөрі  олар-

дың синтаксистік ерекшеліктерін айқындау орынды.


209

Сөз тіркесі мен жай сөйлем

4.  Сөйлемдегі  сөздердің  байланысы.  Сөйлемдегі  сөздер  са-

бақтаса  жəне  салаласа  байланысады.  Жалпы  тіл  мамандарының 

арасында сөздердің сабақтаса байланысын сөз тіркесіне жатқызу 

туралы  пікірталасы  болмаса  керек.  Соңғы  кезде  сабақтаса  бай-

ланысқан топпен бірге салаласа байланысқан сөздер тобын да сөз 

тіркесіне жатқызу жағы көріне бастады [8].

Егер  сабақтаса  байланысқан  сөз  топтары  құрамындағы  сөз-

дердің біріне-бірі бағына байланысып, олардың синтаксистік қыз-

меті  мен  мағыналық  тобы,  əртүрлі  сөз  таптарынан  жасалуы  сөз 

тіркесі  дейтін  ғалымдар,  оларға  тең  дəрежеде  əрі  жалғаулы,  əрі 

жалғаусыз  Асан  мен  Үсен;  жазушы  жəне  оқушы;  жақсы  мен 



жаман; əрі оқыды, əрі жазды сияқты екі сыңары да бір ғана сөз 

таптарынан  жасалған  топты  жатқызады.  Сөз  тіркесі  салаласа  да 

байланысады  деушілер  сөз  тіркесін  басқаша  түсінеді.  Неге  сөз 

тіркесіндегі сөз тек сабақтаса байланысады дейміз?

1.  Сөзде  ондай  тіркесу  нəтижесінде  жаңа  грамматикалық  ма-

ғыналар пайда болады (анықтауыштық, толықтауыштық, пысық-

тауыштық).  Сол  мағыналар  тек  сабақтаса  байланысқан  сөздерде 

ғана  кездеседі.  Ондағы  сөздер  біріне-бірі  бағынады.  Ал  салала-

са  байланысқан  сөздерде  ондай  қасиет  болмайды.  Сондықтан  да 

ондай топ сөздер тіркесі емес. Дегенмен кейде ол топқа жатпай-

тын  қызыл  ала,  көк  жасыл,  жеті  жүз  жиырма  бір,  алты  жүз, 

мың  бес  жүз,  оқып  отыр,  оқып  еді  тəрізді  сөздер  тобынан  не 

салаластық,  не  сабақтастық  элемент  таба  алмаймыз.  Əсіресе 

мұндағы  сын  есім,  сан  есімдермен  салыстырғанда  күрделі  етіс-

тіктерде бір сыңары толық мағыналы да, екінші сыңары көмекші 

қызметте жұмсалады. Соңғы кезде сабақтаса байланысқан топпен 

бірге салаласа байланысқан сөздер тобын да сөз тіркесіне жатқызу 

жағы  көріне  бастады.  Осы  сияқты  топтарды  қай  топқа  болсын 

жатқызу күрделі проблема. Ондай сөздер тобы негізінде күрделі 

сөздер  тобын  құрайтындықтан,  өзара  сөз  тіркесі  бола  алмайды. 

Тек  сабақтаса  байланысқан  сөз  тіркестері  арқылы  сөз  тіркесте-

рінің заңдылықтары жан-жақты айқындалады.


210

Сөз тіркесі мен жай сөйлем

ІІ. ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІНІҢ 

НЕГІЗГІ МƏСЕЛЕЛЕРІ

Сөз тіркесінің жалпы мəселелерімен бірге оның жеке тілге, яғни 

қазіргі тілге тікелей қатысты жақтарын жан-жақты зерттеу қажет. 

Бұл – оның байланысу формасы мен байланысу тəсілін, түрлерін, 

кейбір сөз таптарының тіркесу қабілетін жеке-жеке қарауды талап 

етеді. Біз төменде солардың əрқайсысына арнайы тоқталамыз.



1.  Сөз тіркестерінің тарихы туралы бірер сөз

Тілдің  басқа  салалары  сияқты,  оның  синтаксистік  құрылысы 

да  даму  барысында  өзгеріске  түсіп  отырады.  Синтаксистік 

құрылыстағы өзгерістер қоғам өміріндегі сондай құбылыстармен 

тығыз  байланысты  болып  келетіні  тіл  білімінде  əр  кез  айтылып 

жүрген  жайт.  Ал  синтаксистік  құрылымның  үлкен  бір  саласы – 

сөз  тіркестері  құрамындағы  болуға  мүмкін  өзгерістер  жайлы 

Н.Ю.  Шведова: «Изменения  в  системе  словосочетаний  проис-

ходят  значительно  быстрее,  чем  в  системе  предложений», – деп 

атап  айтады

 

[8, 5]. Осы  пікірді  қазақ  тілі  материалы  бойынша 



Т. Қордабаев, С. Исаев, т.б. көптеген авторлар да қолдайды

 

[9, 13].



Сөз тіркестері құрамындағы өзгерістер олардың құрылымдық 

ерекшеліктерінен, яғни байланысу формасынан, байланысу амал-

дары мен құрылымдық түрлерінен көрінеді. Сөз тіркесінің байла-

нысу  формалары  мен  тəсілдеріндегі  өзгерістер,  шындап  келген-

де,  морфологиялық,  яғни  əрбір  сөз  тобы  құрамында  кейін  пайда 

болған  құбылыстармен  тығыз  байланысты.  Басқаша  айтқанда, 

сөз  тіркесіндегі  өзгерістер    əрбір  сөз  табының  тарихи  дамуымен 

тығыз байланысып жатады.

Синтаксистегі өзгешеліктердің морфологиялық өзгерістермен 

тығыз  байланыстылығы  туралы  айта  келіп  Б.А.  Серебренников 

пен Н.З. Гаджиева «туыс тілдерде тарихи морфологиялық, тарихи 

синтаксис  болмады»  деп,  біріншіден,  басқа  тілдермен  салысты-



211

Сөз тіркесі мен жай сөйлем

ру дəрежесін, екіншіден, бір фактіні бір тілдің бұрынғы күйі мен 

қазіргі күйі тұрғысынан салыстыруды ұсынады

 

[10, 256].



-ғы, -гі  жұрнағының  кейде  арнайы  байланысу  формасын-

дағы сөздерді өзгертетіндігі туралы А. М. Шербак дұрыс айтады.

а) Жатыс – жолдағы, ертеңгі, т.б.

б) əртүрлі формадан кейін

 

[11, 97-98].



Сол  сияқты  автор  -сыз, -сіз  жұрнақтары  бір  сөз  тобындағы 

сөзді екінші сөз тобына, яғни су зат есімі сусыз болып, енді сын 

есімді  қабыса  байланысқан  сөз  тіркестерін  жасайтындығын  ай-

тады


 

[11, 99]. Кейбір  шылаулы  тіркес  туралы  проф.  К.  Мусаев 

Қазан төңкерісіне дейін үшін шылауы ілік жалғаулы есімдікті ке-

рек ететіндігі міндетті болғандығын айта келіп, қазіргі кезде мен 



үшін,  яғни  ілік  жалғауынсыз  да  айтылуын  сөз  етеді.  Мұның  өзі 

кейде  шылаулы  тіркестер  қазіргі  кезде  көбіне  атау  мен  іліктен 

басқа  септіктерге  тəн  делінетін  қағидаға  аз  уақыттың  ішінде 

өзіндік өзгерістің болғандығын дəлелдейді

 

[12, 214].



А.М. Шербак ортағасырлық түркі тілдерінде ілік септіктің та-

быс  септігімен  алмасып  жұмсалатынын  көрсетеді.  Мұның  өзі 

біздің  тіліміздегі  матасу  ретінде  жұмсалатын  ондай  тіркестер-

дің  ол  тілдерде  меңгеру  арқылы  берілетіндігін  де  айқындай-

ды

 

[13, 113].



Проф. М. Томанов ерсілі-қарсылы, азды-көпті, т.б. -ды қосым-

шасы  ескі  дəуірде  септік  жалғауы  ретінде  қолданылған  дейді. 

Бұрын  меңгеріле  байланысқан  сөздердегі  қосымша  жалғаулық 

қызметінен  ажырап,  қазіргі  кезде  өлі  формаға  айналуынан,  енді 

олар,  тек  қабыса  байланысу  ретінде  қалыптасқандығын  көрсе-

теді.  Осы  іспеттес  өзгерісті  септік  жалғауы  ретінде  жұмсалған 



-тағ, -тег, -тек  қосымшасының  -дай, -дей  түріне  ауысу  арқылы 

қалыптасқан сөз тіркестерінен де көруге болады

 

[14, 118-119].



«Аффикс  -сіз  не  присоединяется  к  прилагательным  и  числи-

тельным.


Изредка  рассматриваемый  аффикс  приобретает  дополнитель-

ный  элемент  -ін, -ің,    являющийся  омертвевшим  аффиксом  ору-

диного  падежа.  А:  сəнсізің,  без  тебя;  ТН:  күлсізін,  без  рабов»

 

[15, 122] – дей  келіп,  А.  Шербак  қабыса  байланысатын  -сіз, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет