Тамақтандыру кәсіпорындарының технологиялық процестері


  сабағынан ластанған терісін қырады да, сабағының төменгі бөлігін кесіп, шаяды. Қозықұйрықтардың



бет10/174
Дата02.12.2023
өлшемі0,77 Mb.
#132712
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   174
Байланысты:
Тамақтандыру кәсіпорындарының технологиялық процестері-emirsaba.org (1)

17 
сабағынан ластанған терісін қырады да, сабағының төменгі бөлігін кесіп,
шаяды.
Қозықұйрықтардың басының төменгі жағының қабықшасы алынып,
артынша одан терісін сылып алады. Сабағын тазалап, басынан төмен 1,5-2см
кесіп тастайды. Тазаланған саңырауқұлақтарды қарайып кетпес үшін
қышқыл суда жуып-шаяды.
Аспа саңырауқұлақтардың ластанған тұстарын тазалап, саңырау құлақ-
тарды жуады.
Тазаланып, жуылған саңырауқұалқтар бірден жылумен өңдеуге жібе-рі-
леді.
Кептірілген ақ саңырауқұлақтарды сұрыптап, бірнеше мәрте жуып, 3-4
сағат салқын суға салып, қайтадан жуады. Саңырауқұлақтарды жуылған суда
қайнатады. Тұздалған, маринадталған саңырауқұлақтарды тұздығы немесе
маринадынан ажыратып, жуып, кеседі.
2.3.
Көкөністен жасалған жартылай 
фабрикаттардың орталықтандырылған өндірісі
Көкөністен жасалған жартылай фабрикаттардың өндірісі үлкен
мөлшердегі еңбек күші (қол жұмысының көптігі) мен қаражаттың
жұмсалуымен (үлкен қойма орындары, арнайы құрылғылар және т.б. қажет)
байланысты. Сонымен қатар, бұл үдеріс кәсіпорынның санитарлық жағдайын
нашарлатады, себебі көкөніс – ең бүлінгіш өнім. Сондықтан, 1960 жылдан
бастап, елімізде көптеген амалдарды өнімділігі жоғары құрылғылардың
көмегімен механикаландыруға мүмкіндік берген үлкен өндірістік қуатты
фабрика-дайындау орындарында жартылай фабрикаттардың орталық-
тандырылған өндірісі ұйымдастырыла бастады. Сонымен қатар, ондай
фабрикаларда картопты аршу мен тазалаудан туындайтын қалдықтардан
крахмал өндіруді ұйымдастыру экономикалық тұрғыдан тиімді болып
шықты.
Алғашында тазартылған көкөністерден жасалған жартылай фабри-
каттардың бес түрінің орталықтандырылған өндірісі жүзеге асты. Олар:
картоп, сәбіз, қызылша, ақбас қырыққабат, және бас пияз. Кейінірек бұл
сұрыпталым кеңейе түсті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет