116
Балмұздақты үстінен және қырларынан кесілген жемістердің және
бисквиттің
тілімдерімен жауып, кондитерлік капшықпен шақпақ қантты
ұнтақпен шайқалған жұмыртқа ақуызымен тағамды түгел жабады.
Дайындалған өнімді ақуыздар бірден қызара түсуі үшін жоғары
температурада тез пісіреді (1-2 минут). Берер алдында шақпақ қант ұнтағын
себеді.
Жаңа жыл түнінде дайын өнімді тағамға аздап коньяк құйып, өртейді.
Залдың жарығын сөндіреді.
Жұмсақ балмұздақ. Бұл балмұздақты қоғамдық
тамақтандыру кәсіпо-
рындарында арнайы аппарат – фризерде – өнеркәсіптік өндіріс қоспаларында
дайындайды.
Қоспаны фризердің цилиндріне оның
1
/
3
толтыра құйып, жауып, аппа-
ратты іске қосады. Қоспа бір уақытта шайқалады және салқындайды.
Жұмсақ балмұздақтың түрлері: кілегейлі,
кілегейлі ақуызды, кілегейлі
шоколадты, кілегейлі кофелі, жоғары майлылықтағы сүтті, және сүтті.
Балмұздақтарды шұңғыл шыны ыдыстарда түрлі гарнирлермен береді:
какао ұнтағынан, қойылтылған сүттен, қанттан және ванилиннен –
шоколадты, кептірілген өрік пен қанттан – өрікті және т.б.
Жұмсақ балмұздақтардан бөлек фризерлерде түрлі десерттерді өндіруге
болады:
жидекті крем десерттер, сүтті жұмыртқалы қоспа, жеміс-жидекті
сығынды, шырын негізіндегі жаңғақты т.б.
Достарыңызбен бөлісу: