120
Глинтвейн. Неміс тілінен аударғанда ыстық, алаулаған шарап дегенді
білдіреді. Кіреуке ыдысқа асханалық қызыл шарап құйып, онда құмшекерді
ерітеді. Қайнатуға дейін апарады, бірақ толық қайнатпайды. Даршын,
қалампыр және лимон қосып 10-15 минут тұндырып қояды. Шыны-
аяқтармен береді.
«Жаңа жылдық» пунш. Құрғақ қара байха шайын даршын және
қалампырмен араластырып, қайнаған су құйып, 6-7 минут тұндырады.
Тұнбаны кіреуке ыдысқа сүзгілеп, құмшекер мен құрғақ қызыл шарап
қосады. Араластырып, 60°С-қа дейін ысытып, лимон мен апельсиндердің
жаңа сығылған шырынын қосады. Сусынды қант ұнтағынан жасалған
қыраулы бокалдарға құйып, лимон бөліктерімен, жалбыз жапырақтарымен
және коктейльді шиелермен безендіреді.
Ыстық сусындарды күшті алкогольді сусындар негізінде де дайындайды.
Достарыңызбен бөлісу: