Тамақтандыру кәсіпорындарының технологиялық процестері


Қызылшадан дайындалған тұздық



бет141/174
Дата02.12.2023
өлшемі0,77 Mb.
#132712
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   174
Байланысты:
Тамақтандыру кәсіпорындарының технологиялық процестері-emirsaba.org (1)

Қызылшадан дайындалған тұздық. Қызылшаны пісіріп, аршып, ең
майда үккіштен өткізеді; пиязды майдалап турап, сары майда қуырып, бидай
кебегін, қызылша, қаймақ қосып қайнатады. Тұз, сірке суымен дәмдеп,
жақсылап араластырады. Шұжықшаларға, котлеттерге, шошқаның сүрленген
етіне қосып береді.
14.3.4.
Балық тағамдар

Балық азықты заттектерге бай болғандықтан емдік тамақтандыруда үлкен


құндылыққа ие және оңай сіңіріледі. Жылумен өңдеу тәсілдерінен бөлек
емдік тамақтандыруда балықтың түрі аса маңызға ие, өйткені түрлер
өздерінің тағамдық құндылықтарымен бір-бірінен ерекшеленеді.
Диеталардың сипаттамаларынан барлық ауруларда асылған және
бөктірілген балықтардан жасалған тағамдар, будағы котлеттер, домбайлар,
будағы зразыларды пайдаланатынын көруге болады. Қуырылған балық
өнімдері тек №2, 8 және 9 диеталарда ғана рұқсат етіледі. Тек диеталық
тамақтануға ғана тән тағамдар да бар.
Балықты суфле (№ 1-10 диеталар, тек әртүрлі гарнирлермен). Терісіз
және сүйексіз сүбені дайын болғанша қайнатып, 2 мәрте жиілетілген торлы
еттартқыштан өткізеді. Алынған массаға қою сүтті тұздық, жұмыртқа
сарысын қосып, мұқият араластырады. Шайқалған жұмыртқа ағын қосып,





155 
сары май жағылған қалыпқа салады да, буда қайнатады немесе пісіреді (№1
диетадан басқа диеталар үшін).
№9 диета үшін РФ МҒА тамақтандыру институты белип (тамақтандыру
институтының ақуызды өнімі) деген атау алған ерекше котлет массасын
жасап шығарды: терісіз және сүйексіз нәлім, тұщы сүзбе, суда дымқылданған
қара нан және өсімдік майында шала қуырылған басты пиязды еттартқыштан
өткізіп, тұзбен (дәмдеуіштер қосуға болады) дәмдейді. Жақсылап
араластырып, котлеттерті пішіндейді, кепкен нанған аунатып, өсімдік
майында қуырады.
Радиацияға қарсы диета үшін қамырдағы балықты әзірлеуде сұйық
қамырға шайқалған ақуыздармен бірге ферроцин қосады (пышақтың ұшы-
мен).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет