95
Табиғи котлеттер. Бұзау еті мен шошқа етінен дайындалған котлеттерді
қиын гарнирлермен, сүттегі картоппен, картоп езбесімен, қуырылған
картоппен, сүтті тұздықтағы көкөністермен және т.б. береді. Қой етінен
дайындалған котлеттерге қуырылған картоп, шашыраңқы күріш, бұршақ
қабығын немесе майдағы дәнді бұршақ, күрделі гарнирлер қосып береді.
Котлеттерге май құйып, сүйекке папильотка кигізеді. Қой етінен
дайындалған котлеттерге пияз қосылған сүтті тұздық беруге болады.
Бірнеше тағамдарды эскалоптан әзірлейді.
Эскалоп. 1 үлеске 2 тілімнен береді.
Ақ наннан кесіліп қуырылған нанға
ет салады. Пісірілген не қуырылған картоппен не болмаса күрделі гарнирмен
гарнирлеп, май құяды.
Қызанақ қосылған эскалоп. Эскалопқа қуырылған қызанақтардың
жарты бөлігін салады. Алдыңғы тағам секілді гарнирлейді.
Тұздық қосылған эскалоп. Эскалопқа қуырылған қызанақтардың жарты
бөліктерін, қуырылған бүйректер мен тілімдеп кесілген пісірілген
саңырауқұлақтарды салып, тұздықтардың бірін (шарап қосылған қызыл
тұздық, пияз және қияр қосылған қызыл тұздық, эстрагон қосылған қызыл
тұздық, майдалап туралған сарымсақ қосылған қызанақ тұздығы) құяды.
Ромштекс. Ромштексті тәрелкеге салады. Гарнир ретінде ботқа немесе
пісірілген бұршақтылар, сүтті тұздықтағы көкөністер, бөктірілген көкністер,
қуырылған картоп, күрделі гарнирлерді береді. Май құяды.
Достарыңызбен бөлісу: