Оқылымға арналған тапсырма - «Бенджамин Франклин өмірбаяны»
Тапсырма: бос орындарды толтыру
Мақсаты: Б.Франклиннің өмірі және жетістігі туралы мәтінді толықтыру.
Өзара әрекет: жұппен жұмыс
Дамытылатын дағдылар: тыңдалым, айтылым
Уақыт: 15-20 минут
Процедура: Бенджамин Франклин туралы не білеміз? «Ғұлама» сөзін қалай түсінесіздер, ол нені білдіреді?
Аудитория А және Б тобына бөлінген. Сіздерге БФ туралы бірдей ақпарат берілген. Мәтінді толықтыру үшін сіздер бірлесіп жұмыс істейсіздер. А тобында бар ақпарат Б тобында жоқ және Б тобында бар ақпарат А тобында жоқ.
Сіздер өзіңіздің мәтініңізде жоқ мәліметті анықтау үшін көрші топ мүшесіне сұрақ қоя аласыз, сол сұрақтарыңызды жазып алыңыз.
Басқа топтан серік табыңыз. Серігіңізге дайындаған сұрақтарыңызды кезекпен қойыңыз, жауаптарды жұмыс парағындағы тиісті орынға жазып алыңыз.