Тамшылары



Pdf көрінісі
бет9/84
Дата04.05.2023
өлшемі0,97 Mb.
#89956
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   84
Байланысты:
Тағылым тамшылары 2

 Екі қыздың оразасы
Пайғамбарымыз бір күні сахабаларына ораза 
ұстауды бұйырып, артынша былай деп қатаң ескерту 
жасады:
– Мен рұқсат етпейінше кешке ешкім де ауыз аш-
пасын!
Елдің бәрі жаппай ауыз бекітіп, ораза ұстады. Кеш 
түскенде жеке-жеке келіп, ауыз ашуға рұқсат алып 
жатты. Дәл осы тұста бір кісі жақындап келіп:
– Уа, Расулаллаһ! Екі қызым да күні бойы ораза 
ұстаған еді. Ұялғандықтан өздері келіп сізден рұқсат 
сұрай алмады. Рұқсат етсеңіз, оразаларын аяқтап, ау-
ыздарын ашса жақсы болар еді, – деп өтініш білдірді. 
Алайда Пайғамбарымыз оған рұқсат бермеді. 
Әлгі кісі тағы екі рет келіп рұқсат сұрады. Үшінші 
рет келгенде Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
:
– Өкінішке орай, олар бүгін ораза ұстаған жоқ.. 
Күні бойы «кісі етін жеген» (әркімнің сыртынан өсек 
айтып, ғайбат сөйлеген) адам қайтіп ораза ұстасын?! 
Бар да оларға айт: егер ниет етіп ораза ұстағандары 
рас болса, дереу құсып асқазанындағының бәрін 
шығарсын, – деді. 
Әлгі 
кісі 
қыздарына 
Пайғамбарымыздың 
айтқандарын айна қатесіз жеткізді. Олар пайғамбары-
мыздың бұйрығын дереу орындап, өздерін күштегенде 
кесек-кесек қан құсысты. Әлгі кісі келіп бұл жайды 
Пайғамбарымызға айтқанда, ол:
– Құдіреті күшті Аллаһ тағалаға ант етейін, егер 
олар әлгі ұйыған қанды құсып тастамай, асқазанда сол 
күйі қалып кеткенде Тозақ отына отын болар еді, – 
деді. 


28
Тағылым тамшылары
Иә, тек тамаққа ғана емес, тілге де, көзге де, 
аяққа да, қолға да ораза болса, сонда ғана ол нағыз 
ораза болмақ. 
Әке мен бала
Хазірет Иса (а.с.) бірде жолда кетіп бара жатып бір 
қарияны бас салып тепкілеп жатқан жас жігітті көріпті. 
Әлгі кісіге жаны ашыған Иса пайғамбар бірден жүгіріп 
барып, араша түспек болғанда қарт оны тоқтатып:
- Мені арашаламай-ақ қой, тепкілей берсін!- 
депті. 
Қарттың бұл сөзіне қатты таңырқаған Иса (а.с.) 
себебін сұрағанда, әлгі шал оның мәнісін былай деп 
түсіндірген екен:
- Мен де кезінде өз әкемді тұп-тура осы жерде дәл 
осылай тепкілеген едім. Мына жігіт – менің туған ба-
лам. Менің әкеме істегенімді балам маған істеп жатыр. 
Менде кеткен әкемнің өшін өз баламның менен алып 
жатқан жайы бар...
Бұл «Атаңа не істесең, алдыңа сол келеді» деген 
нақыл сөздің астарын анық ұқтырса керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет