Тамшылары



Pdf көрінісі
бет7/84
Дата04.05.2023
өлшемі0,97 Mb.
#89956
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   84
Сөз бен іс
Ардақты пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
бір са-
парда ат басын тежеп, достарымен бірге көліктерінен 
түсер-түспес жүктерін жерге қойысты. Жолсоқты боп 
қарын ашқандықтан бір қой сойып жеуге ақылдасты. 
Бар жұмысты әркім өзара бөлісе бастады. 
Біреуі: – Қойды мен сояйын, – деді. 
Екіншісі: – Терісін мен сыпырайын, – деді.
Үшіншісі: – Ет пісіру менің мойнымда болсын, – 
деді. 
Сол кезде Пайғамбарымыз да: – Шөлден отын 
жинап қайтуға мен барайын, – деді. Бұны естігенде 
сахабалардың бәрі әбігерленіп: – Уа, Аллаһтың 
құрметті елшісі! Еш әуре болмастан сіз көлеңкеде 
сәл тыныға тұрыңыз. Біз өзіміз-ақ бәрін қуана-қуана 
істейміз, – десті. 
Сонда Пайғамбарымыз: – Иә, бұл жұмыстарды мен 
сендердің өздерің-ақ істей алатындарыңды білем, алай-
да Аллаһ тағала қандай да бір құлдың өзін өзгелерден 
артық сезініп дос-жарандарынан бөлек отырғанын 
ұнатпайды, – деп жауап берген еді. 
Сөйтті де, шөлге барып бір құшақ отын теріп 
әкелді... 
Бұл Аллаһ елшісінің сөзі мен ісі тең, турашыл 
сипатының қарапайым ғана бір көрінісі. 
2
Усул-ы Кафи с. 2. «Мүслүман факирлерин фазилеті» бабы


22
Тағылым тамшылары
Ең балажан кісі
Пайғамбарымыз Мұхаммед 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
балаларға тым мейірімді еді. Сахабалардан Абдуллаһ 
ибни Омар (р.а.) немерелері Хасан мен Хұсейн 
үшін пайғамбарымыздың «дүниедегі екі райханым 
(хош иісті гүл) менің» дегенін, Әнәс ибн Малик 
Расулаллаһтың оларды бауырына басып, иіскеп, оларға 
дұға оқитындығын айтқан. Усама ибн Зәйд (р.а.) болса 
«Расулаллаһ мені бір тізесіне, Хасанды екінші тізесіне 
отырғызып, екеуімізді де бауырына бірдей қысып «Иә, 
Раббым! Менің бұларға мейіріммен қарағанымдай, 
сен де бұларға мейіріміңді төге гөр!» деп пайғамбар 
сүйіспеншілігінің тек қана өз немерелеріне ғана емес, 
басқаларға да дәл сондай екендігін айтқан.
«Кішкентайларымызға мейірімділік танытпаған 
бізден емес» (Әбу Дауыт, әдеп, 58) деп хадисінде 
айтқан пайғамбарымыз, реті келгенде бұл жайлы ата-
аналарға да жұмсақ тілмен ескертіп отырған.
Әр түрлі сахабалардың айтуына қарағанда
пайғамбарымыз балаларды өте қатты жақсы көріпті. 
Оларды құшақтап, көтеріп, мойнына отырғызып, ба-
уырына басып, сүйіп, түйемен келе жатса, түйесіне 
мінгізіп, алдына алып ойнатып, балалармен бірге өзі 
де ойнап, бірдеңе бүлдіріп, үстін былғап қойса да еш 
ұрысып, қабақ шытпаған екен.
Бұл жайында кейбір сахабалардың айтқандары:
Абдуллаһ ибн Бүср Расулаллаһты тамаққа 
шақырғанда, тамақтан кейін әдеттегідей сол үй-ішіне 
аман-есендік тілеп, дұға оқығандығын әрі «мына бала 
бір ғасыр өмір сүреді» деп басынан сипағандығын 
айтқан.


23
Пайғамбарлар парасаты
Абдуллаһ ибн Жафер (р.а.): «Расуллаһ сапардан 
қайтқанда немерелері Хасан мен Хұсейн алдынан 
жүгіріп шығатын. Ол бірінші жеткенін алдына, екінші 
жеткенін артына мінгестіріп Мәдинаға алып кіретін». 
Махмұд ибн Рәби бес жастарында Пайғам-
барымыздың бір тостағаннан аузына су толтырып 
үстіне бүріккендігін айтады. Бұл Расулалланың ба-
лалармен ойнауының, кейде оларды ойнатуының бір 
көрінісі.
Ялла ибн Мүррә Расулаллаһтың бірде қонаққа 
бара жатып, жолда балалармен ойнап жүрген немересі 
Хұсейннің де ала кетпек болғандығын, бірақ Хусейннің 
атасын көргенде қашып, Расулаллаһтың оның артынан 
бала секілді қорбаңдап жүгіріп, қуғанын айтқан. (Ибн 
Мажә, Мұқаддима, 11).
Хазірет Пайғамбарымыздың немерелерінің бірін 
сүйіп жатқанда, оны көрген Акра ибн Хабис: «Менің 
он балам бар, ешқайсысын да әлі маңдайынан сипап 
көрген емеспін» дегенде, Пайғамбарымыздың оған: 
«Сен басқаға мейірбандық көрсетпесең, саған да Аллаһ 
мейірбандық көрсетпейді» - деп жауап бергені айтыла-
ды. 
(Әбу Хурайрадан)
Сол секілді Мәдиналық біреудің: «Менің бір балам 
бар. Балиғатқа толды. Сонда да әлі бір рет те иіскеп, 
сүйіп көрген емеспін» дегенде, Пайғамбарымыздың 
оған: «Аллаһ тағала жүрегіңнен сүйіспеншілікті алып 
тастаса, мен не істейін (менің кінәм не?)» деп жауап 
бергенін айтқан.


24
Тағылым тамшылары
Сонымен қатар, әз Пайғамбар балаларына жақсы 
қарайтын ата-аналарды да мақтап, жақсы-жақсы сөздер 
айтатын.
Бір күні баласын жоғалтып, тұтқындардың арасы-
нан кез-келген баланы бауырына басып іздеп жүрген 
әйелді көрсетіп, пайғамбарымыз:
«Біліп қойыңдар, Аллаһтың құлдарына деген мар-
хабаты, сүйіспеншілігі, мына әйелдің өз баласына де-
ген махаббатынан да асып түседі» деген.
Жаратушының пенделеріне деген махаббатын 
анық айқындаған бұл хадис Бұхари мен Мүслимнен 
алынған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет