95
Сахабалар сабағы
– Ей, Омар! Сонда бұдан былай басшыларыңыздың
халықтың көзінше сабатпақ болғаныңыз ба? Егер бұлай
жасар болсаңыз, бұдан кейінгі уақытта басшылардың
ел алдындағы абырой-беделіне нұқсан келеді. Онда
олар жұмыс істеуден қалады ғой...
Хазірет Омардың да бұған жауабы дайын еді:
– Менің өйтіп-бүйтіп тісін батырған әлдіні
қорғаштап, жәбір көрген әлсізді дәрменсіз кейіпте
қалдыруға дәтім шыдамайды. Кім озбырлық жасаған
болса, екінші рет ондай жөнсіз әрекетке баруға жүрегі
дауаламау үшін жақсылап жазалануы керек!
Иә, шешім қатал.
Таяқ жеген адам өзін қамшымен қанша рет сабаса,
ол да сол басшыны сонша рет сабамақ болды.
Бұл жолы ешкімі жоқ әлгі адамға Амр ибн Ас
қайта барды. Бара сала өз ұсынысын айтты.
– Сені қанша рет қамшымен сабаса, мен саған сон-
ша алтын берейін. Осыны ал да, кеткен ақыңды кешір.
Әйтпесе халық батылданып, басшылардың жүрегі
шайлығып қалар...
Таяқ жеген кісі қамшы салудың орнына алтын
алғанда ғана барып, әлгі басшыны кешіреді. Содан
былайғы уақыттан бастап тағы да хазірет Омардың
қара қылды қақ жарған әділдігінің арқасында пана-
сыз жандарды басынып оларды жөнсіз сабау ісі сап
тыйылған еді.
Достарыңызбен бөлісу: