110
Тағылым тамшылары
Жиырма төрт жасар Язид лажсыз қатал үкімге бас
иіп, әкесі дайындатқан жаңа бір жасақты ертіп екінші
жасаққа барып қосылды. Бұл жасақта үлкен сахаба-
лар: Ибн Аббас, Ибн Зүбәйр, Әбу Әйюб әл Әнсарилер
(Аллаһ тағала бәрінен разы болсын!) бар еді. Византия
жерінде ұзақ сапарда болған ислам жасағы Ыстанбұлға
дейін келіп, бірнеше күн бойы гректермен шайқасты.
Осы қақтығыстар кезінде мұсылман әскерлерінің
бірі Абдулазиз ибн Зүрара ерекше көзге түсті. Ол
дұшпан әскеріне жалғыз өзі бірнеше рет жойқын соққы
беріп, соңында өзі шейіт болды.
Оның жалғыздан
жалғыз шауып, дұшпан әскерінің арасына қойып
кеткенін көргендер:
– Сүбханаллаһ! Мынаның өзін-өзі отқа тастағаны
несі?! – деп даурығысты. Сол сәт Әбу Әйюб (р.а.)
оларға істің жай-жапсарын түсіндіре былай деді:
– Уа, халайық!
Сіздер Құрандағы «Өз-өздеріңді
қауіпке итермелемеңдер» деген аятты меңзеген бо-
ларсыздар. Ол аят әнсарлар жайында түскен-ді. Аллаһ
тағала дінін күшейтіп,
исламға жанашыр жандарды
көбейткен тұста біз өзарамызда Аллаһтың елшісінен
жасыра «Енді біздің керегіміз шамалы секілді. Ендігі
жерде өз мал-жанымызға қарасақ та жетер» деген едік.
Алайда құдіреті күшті Жаратушы біздің ол пікіріміздің
қате
екендігін ұқтыра іле-шала «Аллаһ жолында
жұмсаңдар! Өздеріңді қауіпке итермелемеңдер»
(Бақара сүресі-195) деген аятын түсірген еді. Яғни
Құрандағы адамның өзін қауіпке итермелеуі – Аллаһ
111
Сахабалар сабағы
жолындағы табанды күрестен бас тартып, өзінің мал-
жанымен қайғы болып кету деген сөз...
Әбу Әйюб сол сапарда көз жұмып, Ыстанбұлдағы
қазіргі
мекеніне жерленді
21
.
Достарыңызбен бөлісу: