Тамшылары


Өзің қандай болсаң, басшың сондай



Pdf көрінісі
бет32/84
Дата04.05.2023
өлшемі0,97 Mb.
#89956
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   84
Өзің қандай болсаң, басшың сондай 
Омар (р.а.) қай жолмен жүрсе де сол жол бойын-
да жатқан ірілеу тастарды аяғының ұшымен жолдың 
шетіне ысырып, өзінен кейін сол жолмен жүретіндерге 
кедергі келтірмеуіне көңіл бөлетін. 
Бір күні тағы да жолмен кетіп бара жатып, жол 
үстінде жатқан бір тасты аяғымен жол шетіне қарай 
ысыра теуіп қалған. Алайда жол шетіне шығарып 
тастамақ болған тас байқаусызда қарсы келе жатқан 
бір сахабаның аяғына барып тиді. Бұл жайтқа хазірет 
Омар іштей өкініш білдірсе де, үндемеген қалпы кете 
барды. 
Арада бір жыл өткен еді. Омар сол баяғы жолмен 
кетіп бара жатып тағы да кездесіп қалып жатқан жол 
бойындағы тастарды жол шетіне ысырып бара жатқан 
еді. Дәл сол мезет өткен жылы аяғына тас тиген сахаба 
да сол жолмен өтіп бара жатыр екен. 
Халифа еш ойланбастан қалтасына қолын салып 
жіберіп бір уыс ақша алған күйі әлгі сахабаға:
– Мә, мына ақшаны ал да қажетіңе жұмса, – деді. 
Сахаба таңырқаған күйі:
– Әй, мүминдердің басшысы! Жұмсайтын ақшам 
менің өзімде де бар ғой, – деді. 
– Жұмсайтын ақшаң бар да шығар білем, бірақ 
сонда да алғаныңды қалап тұрмын!
– Жоқ, маған қажет емес.
– Әй, сен осы жылы қажылыққа бармаушы ма 
едің?
– Иә, барам.
– Онда мә, жолыңа жұмсарсың!
– Жолыма да ақшам жеткілікті.


86
Тағылым тамшылары
– Иә, жолыңа да ақшаң бар екендігін білемін, алайда 
мені кешірсін деп осы ақшаны берсем деп едім. Есіңде 
болса өткен жылы дәл осы жермен кетіп бара жатып, 
бір тасты жол шетіне теуіп жібергенім сол еді, ол тас 
барып байқаусызда сенің аяғыңа тиді. Мен басшы бола 
тұра бір адамды болсын аяғын ауыртып, ренжіткенім 
үшін іштей өзімді қатты кінәлап едім. Енді міне, соның 
мүмкіндігі туып тұрғандай. Сен мына ақшаны ал да 
менің сол жолғы абайсызда болған қылығымды кешір, 
мен де іштей мазасыздықтан құтылайын. Сен бұны 
алсаң, мен де жеңілдеп, өзімді жақсы сезінер едім. Кісі 
ақысының салмағын өзің білесің ғой!..
Бұл сол кезгі мемлекет басшысының жағдайы еді. 
Ал енді сол күнгі жай қарапайым халықтың жайынан 
мысал беріп көрейік. 
Өзі тоқ бола тұра, көршісі аш бұратылып жатса, он-
дай адамның мұсылманға жатпайтындығын Әбу Зәрр 
жиі айтатын. Ол сондай-ақ қолында мүмкіндік бола 
тұра кедей-кепшік, жарлы-жақыбайларға қараспаған 
адамның о дүниеде тозақтың азабын тартатындығын 
да жиі ескертетін. 
Оны осы қылығын жақсы білетін жақын 
таныстарының бірі қатырып тұрып сынап көру үшін 
оған сыйлық ретінде бір кесе алтын беріп жібереді. 
Әбу Зәрр болса, ол алтынды ала алмайтындығын, 
одан да сол алтынды өзінен де жағдайы төмен кедей-
кембағалдарға тапсыруы керектігін қанша қадап айтса 
да алтынды әкелген құл азар да безер болып «егер сіз 
осыны алсаңыз, менің құлдықтан құтылатындығымды 
айтты» деп тұрып алған соң, Әбу Зәрр лажсыздан ол 
алтындарды алуға мәжбүр болды. 


87
Сахабалар сабағы
Ертесі күні таңертең қайта келіп тұрған кешегі 
құл:
– Кешіріңіз, кешегі алтындарды қайтып өзіме 
берсеңіз, мен оны қателесіп сізге әкеліп берген екенмін, 
– деп, кешегі берген алтындарды қайтарып беруін 
сұрайды. 
Сонда оған берген Әбу Зәррдің жауабы мынау 
болды:
– Көршім қарызға белшеден батып отырғанда, 
уыс-уыс ақшаның буына мас болып отыратын адам 
мен емеспін, сондықтан кеше қолыма түскен ақшаны 
мен кешке дейін-ақ қарызынан құтыла алмай отырған 
жарлы-жақыбайлардың бәріне таратып бергенмін. 
Дәл қазір саған бере қоятындай менде ешқандай ақша 
жоқ!.. 
Иә, бұл қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған ма-
мыражай кезден, бақытты ғасырдан бір көрініс бола-
тын. 
Ал енді біраз Хижреттің жетпісінші жылдарына 
қарай келейік. 
Тарихта қаныпезерлігімен аты шыққан Хажжаж 
көптеген сахабалардың басын шапқан, тас лақтырып 
Қағбаны қиратпақ болған, аз қалған сахабалардың өзін 
улап өлтірген қатыгез адам еді. 
Бірде осы кісіге ел жиылып келіп:
– Әй, басшы! Сен ана Омар секілді болсаңшы. 
Ол әділдікті сүйетін, халықпен жақсы шығысатын 
еді. Ол халықтың басын шапқызбақ түгілі, абайсызда 
біреудің аяғына тас тиіп кеткені үшін бір жыл өтіп кет-
се де ұмытпай кешірім сұрай білетін еді. Сен де соған 
кішкене ұқсасаңшы?! – деген екен.


88
Тағылым тамшылары
Бұл сөзге Хажжаждың берген мағыналы жауабы 
мынау болыпты:
– Дұрыс айтасыңдар! Алайда Омардың басшылығы 
заманында Әбу Зәрр секілді халқы бар еді. Сендер 
Әбу Зәрр секілді діндес бауырларының қамын жейтін 
шынайы, жылы жүректі мұсылман болсаңдар, мен де 
Омар секілді халықты ойлайтын әділ басшы болар 
едім. Өздерің Әбу Зәррдай бола алмай тұрып, менен 
Омар болуды күтпеңдер! Өйткені сендердің мына 
кейіптеріңе қазіргі мен ғана лайықпын! 
 пайғамбар қойған астау
Хазірет Омар (р.а.) бір күні Жұма намазына бара 
жатып бір тамның қасынан өте бергенде там төбесінен 
үстіндегі киіміне қан тамып кеткен еді. Ол бірден қан 
тамшылап тұрған астауды тауып әлгі тамның үстінен 
алып тастады, сөйтті де үйіне кері қайтып, үстіндегі 
киімін ауыстырып қайта келді. Мешітке келген халыққа 
намаз оқытып болған соң хұтбаның соңын ала бере 
жиналған халыққа қаратып: «Әй, жамағат, мүминдерге 
қиыншылық жасап отырған жайларыңыз бар, – деп ба-
стап, – мен сол қан тамшылаған астауды орнынан алып 
тастадым», – деп сөзін аяқтайды. Хазірет Омар сөзін 
бітірместен мешіт ішінен біреудің «Әй, Омар! Сен не 
бүлдірдің?» деген айғайлаған ащы даусы естілді. Бұны 
айтқан адам Омардың ең қатты жақсы көретін досы Аб-
бас еді. Кезінде бір қуаңшылықтан қатты қысылғанда 
«Аллаһым, бұл – пайғамбардың көкесінің қолы, бізге 
сол қолдың құрметі үшін жаңбыр жаудыра гөр!» деген 
тілек те осы Аббасқа қатысты айтылған-ды. 


89
Сахабалар сабағы
Аббас түрегелген күйі: «Ей, Омар! Ол там – менің 
тамым. Ал жаңағы астауды Хазірет Мұхаммед 
(саллаллаһу 
аләйһи уә сәлләм)
өз қолымен сол жерге қойған еді ғой, сенің 
мына істегенің не?», – деп кінәлады. 
Омар «пайғамбарымыз өз қолымен қойып еді» де-
ген сөзді естігенде-ақ бойдағы бар әл-дәрмені құрып, 
жер сүзе құлағандай пұшайман халге түсті. 
Омар өз ісіне қатты өкініш білдіре: – Уа, Аббас! 
– дейді, – мен қазір сол тамның түбіне барып, басым-
ды жерге қоям, ал сен болсаң менің басымды аяғыңмен 
басып тұрып жаңағы астауды орнына қоясың. Сен ол 
астауды орнына қоймағанша мен басымды ол жерден 
көтермек емеспін, – дейді. 
Сөйтіп, соңында ескі астау өз орнына қайта 
қойылды. 
Иә, сахабалар хазірет Мұхаммедті 
(саллаллаһу аләйһи уә 
сәлләм)
осынша-лықты жақсы көретін, тіпті оның әрбір 
іс-әрекеті олар үшін бұлжымайтын қағидаға айналған 
еді. Ирандықтар мен Византияны тізе бүктірген Омар 
пайғамбарымыздың өз қолымен қойған астауына кел-
генде қаншалықты кішіпейілділік танытып, майдай еріді 
десеңізші?! Шіркін, біз де сүйікті пайғамбарымыздың 
қандай да бір ісінің ұмытылмауында сахабалар 
көрсеткен қырағылықтың сәл-пәлін болса да көрсете 
алғанымызда екі дүниеміз де жұмаққа айналған болар 
еді...


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет