Тамшылары



Pdf көрінісі
бет51/84
Дата04.05.2023
өлшемі0,97 Mb.
#89956
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   84
Байланысты:
Тағылым тамшылары 2

Алтынға баланған ақырет
Зұлқарнайн (а.с.) бір түні жолда кетіп бара жатып 
жасағына:
– Аяқтарыңа тиген нәрселерді тегіс жинаңдар! – 
деп бұйырады. 
Қолбасшының әмірін естігенде әскерлердің бір 
тобы:
– Онсыз да көп жүріп шаршадық. Түннің бір 
уағында аяқ астындағы тастарды жинап өзімізге жүк 
қып қайтеміз. Ештеңе де жинамай-ақ қояйық, – деп 
бірауыздан келісіп алғандай тырп етпейді. 
Екінші топ болса:


131
Сахабалар сабағы
– Қолбасшы бұйырған екен, ең болмаса аз-аздан 
болса да жинайық. Әмірін тыңдамағанымыз жөн бол-
мас, – деп азырақтан болса да жинайды. 
Ал үшінші топ болса:
– Қолбасшы бекерден-бекерге ондай әмір берме-
ген болар. Не болса да бір білгені бар шығар, – деп 
бүкіл көліктеріне көтергенше тиеп алады. 
Таң атқанда қараса, түнімен жүріп өткен жердің 
алтыны көп жер болғандығын байқайды. Кешегі 
аяқтарының астындағы нәрселер сол күйі сом-сом ал-
тын болғандығын білгенде жерге иіліп еш нәрсе іліп 
алмаған бірінші топ:
– Қап, әттеген-ай! Қолбасшының сөзін тыңдама-
ғанымызды қарашы?! Шіркін, ең құрығанда біреу бол-
са да алғанымызда ғой, – деп өкінішпен сан соғып қала 
береді. 
Азырақ алған екінші топ болса:
– Бұдан да көбірек алмағанымызды қарашы, 
қойны-қонышымыздың бәрін де толтырып алатын 
жөніміз бар еді, – деседі мұңайып. 
Ал көп алған үшінші топ болса:
– Шіркін, керексіз киім-кешек, заттардың бәрін 
тастап, ат-көліктің бәріне көтергенінше бұдан да көп 
тиегенімізде ғой, – деп, онсыз да көп алғандарына 
қарамастан, іштей көңіл толмайтындықтарын 
білдіреді. 
Міне, жоғарыдағы мысалдағыдай ақыретте де 
адамдар арасында осы секілді көріністер жиі кезде-
спек. 
Кәпірлер:


132
Тағылым тамшылары
– Шіркін, иманға келіп, ең құрығанда мәңгілік 
тозақ отынан құтылып, түптің түбінде жұмаққа бара 
алғанымызда ғой, – десіп таусылмас өкінішпен сан 
соғады. 
Сауаптары азырақ болған мүминдер:
– Шіркін, тіршілігімде көбірек сауапты іс жасау-
ым керек еді, – деседі. 
Ал сауабы көп мүмин болса:
– Шіркін, қазіргі дәрежеме одан да артық дәреже 
қосатын көбірек намаз оқып, ораза ұстап, одан да 
көбірек сауап іс жасағанымда ғой, – деп ол да тамсана-
ды екен. 
 Аллаһ тағала осы мысалдан бәрімізге сабақ алу-
ды нәсіп етсін! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет