133
Сахабалар сабағы
кетердей тағы да қалғи бастады. Қызыр алайһи-с-сәлам
тағы да шыдамай кетіп оны жеңінен тартты:
– Әй, айттым ғой ұйықтап кетесің деп, – деді.
Ана кісі де бұның қылығына шамданып қалды.
Бірден қарсы дау айтып:
– Мен саған ұйықтамаймын деп айттым ғой, –
деді әр сөзін нығарлай сөйлеп, – мені мазалай бер-
ме. Егер мені мазалай берсең Қызыр екеніңді мына
отырған дүйім жұртқа айта салам. Ал содан кейін мына
мешіттен оңайлықпен шығып көр. Иін тірескен мына
халық сенің бір тал сақалыңды да қоймай тәбарак қып
тартқылап әкетер, – деді.
Қызыр (а.с.) тілін тістеп ләм-мим демеген күйі
шарасыз қалған адамша Аллаһқа қол жайды:
– Уа, Раббым! Мына таң-тамаша істі қалай түсінуге
болады?! Мына құлың менің кім екенімді жазбай танып
отыр. Алайда менің таңғалғаным – қалайша мендегі
тізімде бұл кісінің аты жоқ? – деп сұрап үлгіргенше
жауап та естілді:
– Сендегі тізім – Мені жақсы көретін пенделерімнің
тізімі, ал ол болса керісінше Менің жақсы көретін
құлдарымның қатарында...
Иә, Аллаһ бізді өзі жақсы көретін құлдарының
қатарына жазсын! Аллаһтың жақсы көретін құлы
болу қандай бақыт десеңші?!
Достарыңызбен бөлісу: