Тамшылары



Pdf көрінісі
бет50/84
Дата04.05.2023
өлшемі0,97 Mb.
#89956
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   84
Харун Рашит пен қария
Харун Рашит уәзірі екеуі халыққа білдірмей 
жай киімдерін киіп, ел ішін аралап жүріп құрма 
ағаштарының көшетін отырғызып жатқан бір қарияға 
жолығыпты. Амандасқаннан кейін араларында мына-
дай әңгіме өрбіпті.
– Аллаһ тағала қолыңыз қуат берсін! Қария, мына 
істеп жатқаныңыз не?
– Құрма ағашының көшеттерін отырғызып жатыр-
мын. 
– Ал бұл егіп жатқан құрма ағаштарыңыз қашан 
гүлдеп, қашан жеміс бере бастайды?
– Е, кім білсін енді оны, мүмкін жиырма жылдан 
кейін үлкейіп жеміс бере бастайтын шығар.
– Ол кезге өміріңіз жетіп, жемісін көре алар ма 
екенсіз?
– Мына қартайған қалпымда көре алмайтын 
шығармын. Бірақ бізге дейінгілердің жемісін біз жедік 
қой, біз де бізден кейінгілердің қажетіне жарасын деп 
құрма көшеттерін отырғызып жатырмыз.
Қарияның бұл жауабына тәнті болған Харун Ра-
шит қалтасынан бір кесе алтын алып, қарияға ұсынады. 
Қария Аллаһқа шүкіршілігін білдірді де артынша:
– Отырғызбай жатып ағаштарымның жеміс бергені 
қызық болды-ау.., – деді.
Бұл сөзді естігенде Харун Рашит оған тағы да бір 
кесе алтын береді. 
Әуелдеп Аллаһқа шүкір еткен қарт бұл жолы да 
күлімсіреп былай дейді:
– Елдің отырғызған көшеттері жылына бір-ақ рет 
жеміс берсе, менікі әу дегеннен екі рет жеміс берді... 


129
Сахабалар сабағы
Зұлқарнайн мен басшы
Зұлқарнайн (а.с.) бір күні әлдеқандай елге тап бо-
лыпты. Олардың бар іс-әрекеті нәпсісін жеңу мен өлім 
қорқынышын сейілтуге бағытталған екен. Қолдарында 
бұ дүниелік еш байлық жоқ еді. Тек қана көкөніспен 
күн көретін. Көкөністерін күтіп-сақтауға барынша 
көңіл аударатын. Сонымен қатар, бұл елде әркім өз 
қабірін өзі қазып, күн сайын тазалық жасап, сол қабірде 
ғибадаттарын өтейтін. 
Зұлқарнайн (а.с.) бұлардың басшысын шақыртты. 
Басшысы:
– Маған ешкім керек емес. Мені керек еткен 
адамның өзі келсін, – деді. 
Бұны естіген Зұлқарнайн (а.с.) оған өзі барып:
– Мен сені шақыртқанда неге келмедің? – деп 
сұрады. 
Басшы:
– Сізге менің ісім түсіп тұрған жоқ, әйтпесе, келер 
едім, – деп жауап қатты. 
Зұлқарнайн:
– Бұрын-соңды мен мұндай халық көрмедім. 
Мұның сыры не? – дегенде, ол:
– Иә, біз алтын-күміспен дүние байлығына мүлдем 
көңіл аудармаймыз. Өйткені қарап тұрсақ, бұларға қол 
жеткізген адам дүниесінің оданда көп болғанын қалай 
береді екен де тоғышарлық пен тойымсыздық дертіне 
ұшырап, өмір бойы дүниенің соңына түседі екен. 
Сондықтан дүниелік ештеңені де қумайтын болдық, – 
деп жауап беріпті. 
Зұлқарнайн (а.с.):


130
Тағылым тамшылары
– Ал мына қабірлеріңізді қалай түсінуге болады? 
Оны неге өздеріңіз қазып, құлшылықтарыңызды неге 
сонда жасайсыздар? – деп сұрапты. 
Басшы:
– Бұны да дүние қуып кетпеу үшін әдейі істедік. 
Қабірді көргенде өлім есімізге түседі де дүниелік не 
нәрсе болсын бірден бас тартамыз. 
Зұлқарнайн (с.а.) соңғы сұрағын қойыпты:
– Неге көкөніспен ғана қоректенесіздер? Мал асы-
рап, еті мен сүтін пайдалансаңыздар болмай ма?
Басшы:
– Асқазанымыз тірі малға мазар болмасын дедік. 
Сондықтан көкөністермен тіршілік етеміз. Өңештен 
өткен соң қайсысының болсын нәрі бір емес пе? – деп 
жауап берген еді...
Иә, халқымыздың «Байлық алақандағы мұз
жұмсаң еріп кетеді» деуі тегін бе?!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет