46
Тағылым тамшылары
әкесінің қорғаштағанына қарамастан алып қашты. Ха-
самнан келген қыздың әкесі болса, күйініп:
– Ана бір есерсоқты алдыма әкелер ешкім жоқ па?
– деп айғай салған еді.
Халық оған ел ішіндегі талас-тартыс, дау-дамайды
тек «Хилфул-фудулдың»
шешетіндігін айтып жөн
сілтеді. Ол болса тікелей Қағбаға барып:
– Әй, хилфул-фудулшылар, маған көмектессең-
дерші? – деп дауыс көтерді.
Хилфул-фудулшылар дереу қыздың әкесін ертіп
Нұбайхтың үйіне барды.
Нұбайх сыртқа шыққанда
оған дүрсе қоя берді:
– Әй, көргенсіз! Сен біздің қиянатшылдықпен жан
аямай күресеміз деп серттескенімізді білесің. Жан ке-
рек болса, шығар тез қызды үйіңнен!
Нұхайл іс бұлай насырға шабады деп ойлама-
са керек ә дегенде сасып қап, артынан қызды үйінен
шығарды.
Иә, пайғамбарлық келмей тұрып та, хазірет
Мұхаммедтің
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
ел ішіндегі осындай игі
шаралардың басы-қасында жүргені тарихқа аян.