Адасу—өзінің пәніне сәйкес келмейтін, оған сай емес білім. Адасу өзінін мәні жағынан танымның жеке жақтарыньщ нәтижелерін абсолюттендіру ретінде туындайтын нағыздықтың қате бейнеленуі
Танымдағы ақиқатқа қарсы адасуды ғана емес, жалғанды да айтуға болады. Жалған дегеніміз - алдау мақсатында нағыздығты бұрмалау
Адасудың қандайы болса да, ерте ме, кеш пе, әйтеуір анықталады, «сахнадан түсіп қалады» немесе ақиқатты білімге айналады.
«Рухани жаңғыру» контекстінде білімнің аса маңыздылығы
«Рухани жаңғыру» контекстінде білімнің аса маңыздылығы – бұл қоғамдық санада білімнің абсолютті құндылығын қалыптастыру
Бұл жағдайда «адами капитал», яғни адам игеріп алған білімнің, икемделуінің, дағдыларының жиынтығы қалыптасуда
Таным, шығармашылық, интуиция
Таным – бұл шығармашылық үрдісі. Танымды тек қана ойлау рефлексия деп түсінуге болмайды, ол қиялданудың, интуицияның мүмкіндіктеріне де сүйенеді.
Ғылыми шығармашылықтың нәтижесі - жаңа идеяның пайда болуы Ғылымдағы интуиция - бұл ақиқатқа сананың қатысуынсыз, тікелей жету. Интуиция – шабыт секілді рухтанушылық. Ғылыми шығармашылықта интуиция мен логика өзара әрекеттеседі.
Кейбір ғалымдар күні-түні ойланып жүрген проблеманың шешу жолын ұйықтап жатқанда түс көру арқылы тапқан (Нильс Бор, Д.И. Менделеев, Август Кекуле және т.б.)
Әдебиеттер
Ясперс К. Смысл и назначение истории: Пер. с нем.- М.: Политиздат, 1991.-527 с. (Мыслители XX в.).- С.5-26.
2. Джонстон Д. Философияның қысқаша тарихы. Сократтан Дерридаға дейін.Ғылыми ред. Нурышева Г.Ж. – Астана, 2018.– 216 б. 3. Кенни Э. Батыс философиясының жаңа тарихы. 1-том: Антика философиясы" / ғылыми редактор Молдабеков Ж. Ж. -Астана, 2018. - 408 с. 4. Кенни Э. Батыс философиясының жаңа тарихы. 2-том: Орта ғасыр философиясы" / ғылыми редактор Оспанов С. – Астана, 2018. – 400 с. 5. Мырзалы С. Философия. - Алматы: “Бастау” баспасы, 2014.648 б.