Танова, А. К. Жундибаева



Pdf көрінісі
бет18/84
Дата25.01.2023
өлшемі1,76 Mb.
#62947
түріОқулық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   84
Ақтамберді Сарыұлы
(1675–1768)
Ақтамберді Сарыұлы 1675 жылы Оңтүстік 
Қазақстанда, Қаратау бойында, ауқатты отбасын
да дүниеге келеді. Болашақ жырау жамағайын 
туысы Бердіке деген батырдың қолында өседі. 
Ақындық талантын тым ерте, 10–11 жасында 
танытқан Ақтамберді 17 жасынан бастап қа
зақтардың Орта Азия хандықтарымен арадағы 
соғыстарына қатысады. Өзінің жанкешті ерлі
гімен, ақылайласымен көпке танылады. Талай 
рет өлім ауызынан қалады.
Бірде, тіпті, жортуылда қолға түсіп, өлім жаза
сы орындалар қарсаңында ғана қашып құтылады.
1723 жылы қазақтар ойраттардан ойсырай 
жеңіліп, бүкіл оңтүстік және шығыс аймақтан 
айырылған шақта Ақтам берді атақты батыр, Орта жүздің рубасы ақса
қалдарының бірі еді. Батыр жырау өзінің белсенді ісімен де, жалынды 
жырымен де жоңғарға қарсы күресті ұйымдастырушылардың бел орта
сында болады, қазақ жасағының алдыңғы сапында шайқасады. Жоңғар 
мемлекеті біржола талқандалып, жаудан босаған шығыс бетке қайта 
қоныстану кезінде Ақтамберді қазақ руларын атамекенге орнықтыру 
ісінде зор қызмет атқарады. Батыр жырау тоқсан үш жасында, 1768 
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*Кни а е
ста ена иск
чите н б аз ате н х е
х
с
асн
иказа инист а б аз ани и науки ес уб ики Казахстан т 17 а 2019 
а 217


35
жылы қайтыс болады. Жыраудың жартылай құлаған күмбезі қазір 
Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданындағы Жү рекжота деген төбенің 
ба сында тұр. 
1-тапсырма. Ақтамберді Сарыұлы туралы айтып бер. Қай ғасырда өмір 
сүрген? Қо сымша дереккөздерді пайдалана отырып, жырау туралы мате
риалдар жинаңдар. Материалдарды ретімен кестеге тү сіріңдер.
Дереккөз
Авторы 
Баспасы, шыққан жылы
2-тапсырма. Ақтамберді Сарыұлын неге жырау деп атаған? Мұғалімнің 
кеңесімен өз білгендеріңді толықтырып, баяндап беріңдер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет