34
Әдебиетімізде толғау жанры жыраулар поэзиясында кездеседі. Толғау
жанры қазақ, қарақалпақ, ноғай халықтарының ауызша поэзиясында кең
тараған. Толғау тарихы жыраулық поэ зияға тікелей қатысты. Толғаудың
жанр ретінде қалыптасуы аталған халықтар әлі бөлініп үлгермеген ХІІІ–ХІV
ғасырларға сәйкес. ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясында ерекше өркендеп,
өзінің жоғары даму сатысына жетті. Көрнекті өкілдері – Қазтуған,
Доспамбет,
Шалкиіз, Ақтамберді, Бұқар, Дулат, Махамбет т.б.
Толғауда қоғамдағы жағдайлар, өмір,
жақсылық, жа мандық, адам тір
шілігі т.б. ақылөсиет, насихат түрінде жырланады. Толғау ауызша дамып,
біздің заманымызға ауызша жетті.
Толғауда терең азаматтық әуен, ірі қо
ғамдық, әлеуметтік, саясифилософиялық тақырып ерекше орын алады. Негізгі
бейнелеу тәсілі – дидактика. Толғауларға ұқсас шығармаларды баш құрт тар
«қобайыр», қырғыздар «санатнасыятырлар», құмықтар «ойлу йырлар» деп
атайды.
Достарыңызбен бөлісу: