1-тапсырма:
1. Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы айтып бер.
2. Ол қай кезеңде өмір сүрген?
3. Шәкәрімнің әкесі туралы не білесіңдер?
4. Абай Шәкәрімге ақындық жолында, адамдық жолында қандай жөн сіл
теді? Шәкәрім өмір сүрген кезең қандай саяси жағдайларға сәйкес келді?
2-тапсырма. Шәкәрім Құдайбердіұлы өмірбаянын негізге ала отырып,
оқиғалар хронологиясын құрастырыңдар. Бұл оқиғалар қазақ елінің да
муына қандай әсерін тигізді деп ойлайсыңдар?
3-тапсырма. Тарихтағы Құнанбай, Абай, Құдайберді, Шәкәрім бей нелеріне
мінездеме беріңдер. Олар елдің дамуына, қазақ елінің өркендеуіне қандай
үлес қосты?
4-тапсырма. Берілген үзіндіні пайдалана отырып, Шәкәрім аудармалары
мен танысыңдар. Мұғалімнің кеңесімен талдап, айтып беріңдер.
«Араб, парсы, орыс тілдерін жетік меңгереді. Өз бетінше ізденуі нәти
жесінде заманындағы ең білімдар адамдар санатына қосылады. Бір неше
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*Кни а е
ста ена иск
чите н б аз ате н х е
х
с
асн
иказа инист а б аз ани и науки ес уб ики Казахстан т 17 а 2019
а 217
61
тіл білуі оның тамаша аудармалар жасауына алғышарт еді. Хафиз дің
лирикалық шығармаларын, Физулидің «Ләйлі–Мәжнүн» дастанын аудар
ды. Орыстың классикалық әдебиетін терең зерттеп оқыды. А.С. Пуш киннің
«Дубровский» романы мен «Боранын» өлеңмен аударды».
5-тапсырма. «Шәкәрім және әдебиет», «Шәкәрім және Алаш» тақы
рыптары бойынша өздерің ізденіп, ғылыми талдау жасап, шағын баянда
ма әзірлеңдер.
6-тапсырма. Шәкәрімнің болыстыққа сайлануы туралы деректер іздеп,
білгендеріңді айтып беріңдер.
7-тапсырма. «Шәкәрім және ХХ ғасыр басындағы қазақ басылымда
ры» тақырыбында әңгіме өрбітіңдер. Білгендерің туралы бірбіріңе
айтып беріңдер.
8-тапсырма. Шәкәрімнің «Бостандық таңы атты» өлеңінен берілген
үзіндіден түсінген тарихи оқиғаны қорытып, эссе түрінде жазыңдар.
Бостандық таңы атты, қазағым, көріңдер,
Арға ие басшының соңынан еріңдер.
Таң артынан хақиқат күн шығады,
Еріншек, жалқаулық әдеттен безіңдер.
Арамдық, аразды түбімен жойыңдар,
Өтірік, өсекті біржола қойыңдар.
Намыс, жігер, бойыңа жиып қайрат,
Қажымай адалдық жағында болыңдар.
Бірлік пен талапты еңбекке салыңдар,
Өнерлі елдерден өнеге алыңдар.
Күндестіктің өзімшіл көзін құртып,
Ұмтылып, ерікті ел болып қалыңдар.
Ар түзер адамның адамдық санасын,
Ақ жеңіп шығады арамның қарасын.
Адал еңбек, ақ жүрек берер шешіп,
Таза ақыл қосылса, әлемнің таласын.
... Мен өлсем, ұрпағым, артымда қаларсың,
Тілеген мақсұтты өмірден аларсың.
Есіңе алып келгенде қабіріме,
Шаттықпен шалқытып әніме саларсың!
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*Кни а е
ста ена иск
чите н б аз ате н х е
х
с
асн
иказа инист а б аз ани и науки ес уб ики Казахстан т 17 а 2019
а 217
|