Танова, А. К. Жундибаева



Pdf көрінісі
бет41/84
Дата25.01.2023
өлшемі1,76 Mb.
#62947
түріОқулық
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   84
Байланысты:
httpsoqylyq.onlinewp-contentbooks292292.pdf

МІРЖАҚЫП ДУЛАТҰЛЫ
(1885–1935)
 
Қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам 
қай раткері, ақын, жазушы, көсемсөз шебері 
Мір жақып Дулатұлы бұрынғы Торғай облысы
ның Жангелдин ауданындағы Қызбел деген жер
де 1885 жылы 25 қарашада дүниеге келген.
Бала кезінде Міржақып Дулатұлы ауыл мол
дасынан оқып хат таниды. Молдадан екі жыл 
оқығаннан кейін 1897–1902 жылдары ауыл мек
те бінде орысша оқытатын Мұқан деген мұғалім
нен дәріс алады. 
Міржақып Дулатұлы – әдебиеттің әртүрлі 
жанрына қалам тартқан қаламгер. Алғашқы 
кітабы – «Оян, қазақ!» деген атпен Петербург 
қаласында жарық көрген өлеңдер жинағы. Одан кейін 1913 жылы Орын
борда «Азамат», ал 1915 жылы «Терме» атты кітаптары басылып шығады. 
Ақын өлеңдерінің басты тақырыбы – ел тағдыры болды. Алғашқы кітабы 
«Оян, қазақ!» жұртшылық арасында ауызданауызға, қолданқолға тез 
та рап кетеді. Қайта басылады. Кітаптың нeгiзгi мазмұнын халықты 
ояту ға, әділетсіздікпен күресуге шақырған өлеңдер құрады. Сол себепті 
де кітапты оқуға тыйым салып, авторы қуғынға ұшырайды.
Өзінің шығармашылық жолын өлеңнен бастаған Міржақып Дулатұлы 
проза жанрына да қалам тартып, қазақ әдебиетіндегі алғашқы романның 
авторы ретінде танылды. 1910 жылы оның осы жанрдағы туындысы 
«Бақытсыз Жамал» романы Қазан қаласында жарық көрді. Кітап 1914 
жылы екінші peт басылды.
Бұл жылдары Міржақып бірқатар мақалалар мен фельетондар жаза
ды. 1922 жылы Ташкентте екі бөлімнен тұратын «Есеп құралы» оқулығын 
бастырады. «Балқия» деген пьесасын жазады. Халық жауы ретінде тұт
қындалған Міржақып Дулатұлы 1935 жылы Сосновск стансысындағы 
жазалау лагерінде ауыр науқастан көз жұмады.
М. Дулатұлының шығармалары қазақ елінің тәуелсіздік алған кезі
нен бастап кеңінен жариялана бастады. 1991 жылы шығармаларының 
 МАХАББАТ ЖӘНЕ АБЫРОЙ
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*Кни а е
ста ена иск
чите н б аз ате н х е
х
с
асн
иказа инист а б аз ани и науки ес уб ики Казахстан т 17 а 2019 
а 217


91
бip томдық, ал 1996–1997 жылдары екі томдық жинақтары жарық көрді. 
М. Дулатұлы шығармашылығы жөнінде ғылыми зерттеулер жүргізіліп, 
бірқатар кітаптар мен мақалалар жарияланды.
1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.
1. Міржақып Дулатұлының өмірі мен шығармашылығы туралы қандай 
зерттеу еңбектерін білесіңдер?
2. Роман жанрының ерекшелігі неде? Өзің оқыған романдарың туралы 
айтып беріңдер.
Роман (франц. – roman, нем. – roman, ағылш. – novel – орта ғасыр
ларда латын тілінде емес, роман тілінде жазылған шығарма осы лай 
аталған) – сюжеттік құрылымы күрделі, көп желілі, кең ты ныс ты,
кейіпкер бейнесін ол өмір сүрген уақыт, ол тірлік кешкен орта ауқы
мында, жанжақты мүсіндейтін, басқа прозалық жанрларға қарағанда 
ұзақ уақытты, байтақ кеңістікті қамтитын көлемді эпикалық шығарма.
Роман жанрының бірнеше түрі бар. Мәселен, тарихи роман, де
ректі роман, мемуарлық роман, публицистикалық роман, детективті 
роман т.б. 
А. Ісмақова


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет