Танова, А. К. Жундибаева



Pdf көрінісі
бет31/84
Дата25.01.2023
өлшемі1,76 Mb.
#62947
түріОқулық
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   84
Байланысты:
httpsoqylyq.onlinewp-contentbooks292292.pdf

9-тапсырмаАқтамберді және Мұрат жырларының тақырыбына мән бере 
отырып, салыстыра талдаңдар. 
Ақтамберді жырларының 
тақырыбы, идеясы
Мұрат шығармаларының 
тақырыбы, идеясы
10-тапсырма. Өлеңде айтылған ойлардың өміршеңдігіне баға беріп, өз 
ойларыңды толғау түрінде айтып беруге тырысыңдар.
Мәтінді тыңдаңдар. Берілген уақыт ішінде тапсырмаларды орын
даңдар. Үзіндіде баяндалған оқиғаны негізге ала отырып, есімі атал
ған жырау туралы өз білгендеріңді эссе түрінде жазыңдар.
Уақыты – 15 минут.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*Кни а е
ста ена иск
чите н б аз ате н х е
х
с
асн
иказа инист а б аз ани и науки ес уб ики Казахстан т 17 а 2019 
а 217


58
Шәкәрім (Шаһкәрім) Құдайбердіұлы
(1858–1931)
Шәкәрім (Шаһкәрім) Құдайбердіұлы (1858–
1931) – ақын, аудармашы, тарихшы, сазгер, 
фи лософ, өз заманының озық ойлы ғұламасы. 
Қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауда 
нында дүниеге келген. Абай негізін салған жаңа 
сипаттағы қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі.
Әкесі Құдайберді – Абайдың ағасы. Шәкәрім 
бес жасында ауыл молдасына оқуға беріледі. 
Онда екі жылдай оқыған. 1866 жылы әкесі Құ
дайберді 37 жасында дүние салады. Ендігі жер
де Шәкәрім Құнанбайдың тәрбиесінде, тікелей 
Абайдың қамқорлығында болады. Шәкәрім – 
жарты ғасырдан астам шы ғармашылық өмірінде әдебиеттің барлық жан
рында жемісті еңбек еткен. 
1905 жылы Шәкәрім Құдайбердіұлы қажылық сапар шегеді. Мек
кеге барған сапарын пайдаланып, ақын өзінің байырғы арманын жүзеге 
асырады. Стамбұл, Париж кітапханаларынан туған халқының тарихына 
байланысты кітаптармен танысады.
Араб, парсы, орыс тілдерін жетік меңгереді. Өз бетінше ізденуі 
нәтижесінде заманындағы ең білімдар адамдар санатына қосылады. 
Бірнеше тіл білуі оның тамаша аудармалар жасауына алғышарт еді. 
Хафиздің лирикалық шығармаларын, Физулидің «Ләйлі–Мәжнүн» дас
танын аударды. Орыстың классикалық әдебиетін терең зерттеп оқыды. 
А.С. Пушкиннің «Дубровский» повесі мен «Боранын» өлеңмен аударды. 
Л.Н. Толстойдың бір топ әңгімелерімен қазақ оқырманын таныстыр
ды. Л.Н. Толстойға арнайы хат та жазған. Хаттардың түпнұсқасының 
жоғалып кетуі – орны толмас өкініш.
Шәкәрімнің көзі тірісінде 1911 жылы «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хан
дар шежіресі», «Мұсылмандық кітабы» еңбектері жарық көрді. Семей 
Шәкәрім Құдайбердіұлы қалдырған мұра идеялықкөркемдік маз мұ
нының байлығымен ерекшеленеді, ол ХІХ–ХХ ғасыр басындағы қазақ мәде
ниеті мен әдебиеті тарихынан үлкен орын алады. Бүгінде халық қазынасына 
айналып отырған бұл мұра қоғамымызды рухани байытуға, оның гуманистік 
және адамгершілік идеяларын, мақсатмұраттарын іске асыруға қызмет 
ететіні хақ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет