Тапсырма №1. 1 Белсенді датчиктер Датчик дегеніміз



Pdf көрінісі
бет10/11
Дата16.12.2022
өлшемі2,04 Mb.
#57707
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Тапсырма №14. 
1. Радиоактивті ыдырау заңы.
Радиоактивті ыдырау заңы — атом ядроларының әр түрлі бөлшектер мен сәулелер
шығара отырып, өздігінен түрлену заңы. Радиоактивті ыдырау заңын Резерфорд
ашқан. Эксперименттік зерттеулер радиоактивті ыдырау толығымен статистикалық
заңдылыққа бағынатынын дәлелдеді. Белгілі бір радиоактивті изотоптың ядролары
бірдей болады. Атом ядросының және ядролардың қайсысының ыдырайтыны -
кездейсоқ оқиға. Мысал үшін, бір нуклидтің бірдей екі ядросын алайық. Ядроның 
біреуі 3 млрд жыл бұрын жұлдыздың қопарылысы кезінде, ал екінші ядро ядролық 
реакторда 3 мин бұрын пайда болсын. Ядролардың пайда болу уақытына қарамастан, 
келесі бір уақыт мезетінде екеуінің де ыдырауының ықтималдығы бірдей. 
Статистикалық құбылыстарды сипаттау үшін оқиғаның ықтималдығы ұғымын 
қолданады. Радиоактивтік ыдырау статистикалық заңға бағынады. Радиоактивті 
заттардың түрленулерін зерттей келе, Резерфорд олардың активтігі уақыт өтуіне 
байланысты кемитінін тәжірибе жүзінде анықтады. Мәселен, радонның активтігі 1 
мин уақыт өткеннің өзінде екі есе кемиді. Уран, торий жөне радий сияқты 
элементтердің активтігі де уақыттың өтуіне қарай кемиді, бірақ әлдеқайда баяу кемиді. 
Әрбір радиоактивті зат үшін белгілі бір уақыт интервалы бар, сол уақыт ішінде оның 
активтігі екі есе кемиді. Бұл интервал жартылай ыдырау периоды деп аталады. 
Жартылай ыдырау периоды Т - бұл қолда бар радиоактивті атомдар санының жартысы 
ыдырайтын уақыт. Препараттың активтігін, оны тең екі бөлікке жайша бөлу арқылы 
да екі есе азайтуға болады. 
2. Рентген түтігінің құрылысы, жұмыс істеу приципі
Рентген түтігі – рентген сәулесінің ең кең тараған көзі, екі электродты вакуумдық
құрылым. Қыздырылған катод электрон бөледі. Анод немесе антикатод қиғаш


жазықталып пайда болған рентген сәулесін түтік осіне бұрыштап бағыттайды. Анод
жазықтығы вольфрамнан жасалған. 
Диагностикалық түтіктер үшін рентген сәулелерінің көзі нүктелі болғаны маңызды-ол
үшін электрондарды анодтың бір нүктесіне шоғырландыру қажет(аноды айналмалы
рентген түтігі). Антикатод (анод) затының атомдық ядро және атомдық электрондары
электростатикалық аймағымен бөлінген электрон тежеледі нәтижесінде тежеулік
рентген сәулелену пайда болады. Электрондар тежелгенде қуаттың тек бір бөлігі
рентген сәулесінің фотонын құруға, қалган бөлігі анодты қыздыруға жаратылады. Көп 
электрондар тежелгенде үздіксіз спектрлі рентген сәулелері пайда болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет