Негізгі бұлшықеттер
|
Инспирация/демалудың негізгі бұлшықеттеріне сыртқы қабырғааралық бұлшықет, көкет және де шеміршек аралық еттер жатады. Демді ішке тартқан кезде демалу бұлшықеттері жиырылып, көкіректің қуысын кеңейтеді: диафрагма жиырылып,ал оның күмбезі 1,5см төмендейді.Соның нәтижесінде көкірек қуысы жоғарыдан төменге кеңейеді,шеміршек аралық жане сыртқа қабырғааралық еттер тартылады, қабырғаларды жоғары қарай көтеріп,төс алға қарай ығысады да оңнан солға, солдан оңға және артқы жақтан алды жаққа қарай көкіректің өлшемдері ұлғайып, нәтижесінде көкірек кеңейе түседі.
|
Көкірек қуысының тарылуы яғни,экспирация негізгі бұлшықет-ішкі қабырғааралық еттердің жиырылуына байланысты. Дәл осы сәтте альвеолаларда ауаның қысым күшейіп, мұндағы ауа өкпеден сыртқы жаққа қарай ығысады.
|