Тапсырма №1 Өздерің білетін жалқы есімдерді естеріңе түсіріп, жазыңдар. Кісі аттары; Мемлекет, республика, облыс, аудан, қала, ауыл, атаулары; Ұйым, мекеме, зауыт, фабрика, ұжым атаулары; Жер, су аттары; Газет-журнал, кітап, ән, күй



бет2/5
Дата25.05.2023
өлшемі72,77 Kb.
#97075
1   2   3   4   5
Байланысты:
4 сынып каз.docx 2

Тапсырма №8

Көп нүктенің орнына ілік септігінің жалғауын қойып жазыңдар.


Мұғалім ... кабинеті. Асқар... үйі. Самат... сағаты. Үсен... кітабы. Серей... дәптері. Лиза... қаламы. Оқушы... картасы.Арыстан... баласы.Сынып... іші. Майра... көйлегі. Кітап... беті. Өзен... жағасы.Сиыр... сүті. Көше... аты.Түйе... ботасы.




Тапсырма №9

Сөйлемдерді орыс тіліне аудар. Жалқы есімдердің астын сыз.


Евгений Брусиловский – композитор. Күләш Байсейітова – тамаша әнші. Талғат Бигелдинов – ұшқыш. Тоқтар Әубәкіров – ғарышкер-ұшқыш.Ыбырай Алтынсарин – ұлы педагог. Абай Құнанбаев – қазақтың ұлы ақыны.


Сын есім

Заттың сынын, сипатын, сапасын, түр-түсін, көлемін білдіріп, қандай? қай? деген сұрақтарға жауап беретін сөз табы сын есім деп аталады.


Сын есімнің жасалуы


Сын есім жасалуына қарай негізгі сын есім және туынды сын есім болып бөлінеді.Ешбір қосымшасыз негізгі түбір күйінде жұмсалатын сын есімді негізгі сын есім дейді. Мысалы: қара, көк, биік, таза, жақсы, сары, терең т.б.


Басқа сөз табынан жұрнақ арқылы жасалған сын есімді туынды сын есім дейді. Мысалы: кеш-кі (ауа), өнер-лі (жігіт), аудан-дық (комитет), азамат-тық (борыш), тарих-и (оқиға) т.б.




Тапсырма №1

Сөз тіркестерін пайдаланып, сөйлем құраңдар.


Үлгі: Ақ нан (белый хлеб). Дүкеннен ақ нан сатып алдым.


Ақ нан. Көк пияз. Ыстық сүт. Сары май. Дәмді тамақ. Жылы су. Ащы айран.Тәтті нан. Көк шай. Әдемі қыз. Сымбатты жігіт.Қызыл алма. Қызықты кітап. Ақылды бала.




Тапсырма №4

Сын есімдерді табыңдар.


Әдепті бала –арлы бала,


Әдепсіз бала – сорлы бала.


Құрғақ айқай ән болмас,


Еңбексіз өмір сән болмас.


Тапсырма №6

Көп нүктенің орнына төмендегі жақшада берілген сын есім жұрнақтарының тиістісін қойып жазыңдар.


Үлгі: Әдепті бала


Әдеп... бала, өнер... қыз, қыр... қарындаш, жаз... демалыс, күз... суық, сауық... жігіт, аспа... шам, тау... жер, бала... үй, шару... адам, құм... жер, мақтан... бала, кеш... мезіл, білім... адам, мейірім... ана, ай... түн.


(-лы,- ді,-ді,-ті,-лі,-ғы,-лы,-шыл,-гі,-қор,-ды,-шақ,-лы,-сыз,-кі)


Тапсырма №7


Берілген сын есімдерден негізгі бір бөлек, туынды сын есімдерді бір бөлек көшіріп жазыңдар.


жаман, гүлді, аспалы, үлкен, еңбекқор,зерек, жалқау,жеңіл,білгіш, күзгі, қысқы,аласа, қызыл, сары, ащы,өнерлі,қалалық,таза, жақсы, өткір, тар,жарық.

Сан есім

Заттың санын, мөлшерін, ретін білдіріп, қанша?неше?нешеу?нешінші?деген сұрақтарға жауап беретін сөз табы сан есім деп аталады.

Сан құрамына қарай дара және күрделі сан есімдер болып екіге бөлінеді.Бір түбірден құралған негізгі және туынды сан есім дара сан есім деп аталады. Мысалы: он,үш,бес,сегізінші,ондаған, жетеу т.б.


Екі я одан да көп түбірдің тіркесінен немесе қосарлануынан жасалған сан есім күрделі сан есім деп аталады. Мысалы: екі жүз, екі мың он төрт, оннан бір,үш-үштен т.б.


Сан есімнің түрлері


Сан есімдер мағынасына қарай алты түрге бөлінеді: есептік (бір), реттік (бір-інші) , болжалдық(жиырма-дай),топтау (он-оннан),жинақтық (бес-еу), бөлшектік (екіден бір) сан есімдер.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет