Тапсырма№4
Мәтінді оқып шығып, жіктеу есімдіктерін теріп жазыңдар және қай септікте тұрғанын көрсетіңдер.
Үлгі:сен – жіктеу есімдігі, II жақта, атау септігінде тұр.
Сен тұтас жер болып келдің, жер ана. Біз сені метрлеп өлшегеніміз де жоқ едік. Біздің мейірімді халық сені бөлшектемей-ақ, тұтасынан пайдаланбап па еді? Сен де біздібауырыңа тартып, алалап көрмеп едің. Сен бізге ұмытылмас тәтті өмір беріп едің.Біздер, жастар, тағдырымыз сенімен байланысты екенін білеміз, туған жер!біз сенің топырағыңда ғана бақытқа бөленбекпіз.біз сенің үстіңде тудық, сенен өстік, керек болса, сенің үстіңде өлеміз де. Бірақ жауға беріп қоймаймыз сені!Біз осыған ант етеміз, ізгі ана!
(Б.Бұлқышев)
Тапсырма №6
Оқып шығып, жалпылау есімдігін табыңдар.
Панасыз балалар үйін қазына түел өз мойнына алды. Қазақ жерінде жатқан байлықтарға жеке-дара көңіл бөліп қалған Александр Рязанов тақайтыс болды. Енді ол үшін бүкіл дүние тас қараңғы, барлығы мәңгілік сөнді де тынды. Ол енді байлыққа да, кедейлікке де ортақ емес. Бүкіл тіршілікте жұмысы жоқ, үн-түнсіз жалғыз жататын болады. (Ғ. Мүсірепов)
Етістік
Етістік – заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөз табы. Етістік не істеді? Не қылды?қайтті? деген сұрақтарға жауап береді.
Етістік жасалуына қарай негізгі түбір етістік және туынды түбір етістік болып екіге бөлінеді.
Негізгі түбір етістіктер: кел,бар, жүр, көр,бер,ал, қойды, айтты, жайды, үйіп, көріп, алған, салған т.б.
Туынды түбір етістіктер сөз тудырушы жұрнақтар арқылы жасалады. Мысалы: ойна, шегеледі, қарайып, көгерген, басқарса, күшейіп т.б.
Етістіктер құрамына қарай дара және күрделі етістіктер болып екіге бөлінеді.
Дара етістіктер бір ғана сөзден тұратын негізгі етістіктерді айтамыз.Мысалы: Өнер-білім бар жұрттар тастан сарай салғызды.(салғызды –дара етістік).
Екі я одан да көп сөзден құралып, бір ғана мағынаны білдіріп, сір сұраққа жауап беріп, сөйлемнің бір ғана мүшесі қызметін атқаратын етістіктер күрделі етістіктер деп аталады. Мысалы: Ол теледидар көріп отыр ( көріп отыр – күрделі етістік).
Болымды және болымсыз етістіктер
Болымды етістіктер болымды мәнді білдіреді. Мысалы: келді, беренбіз, отыр, тұрды, жүреді т.б.
Болымсыз етістіктер негізгі етістіктере - ма, -ме, - ба, -бе, -па,-пе жұрнақтары жалғануы және болымды етістікке жоқ, емес сөздерінің тіркесуі арқылы жасалады
Мысалы: бар-ма, кел-ме, айт-па, жаз-ба айтқан емес, кеткен жоқ т.б.
Тапсырма №1
Болымды етістіктен болымсыз етістік жасаңдар.
Үлгі: асық-асықпа,...
Асық,жүгір, шула, айқайла, тарық, екшік, бөел,сүрін,күл,жағалас, сыз, теп,ұмыт,жоғалт,атта, секір,боя,өшір,қи,ал,аш,тасы,сұра,төк.
Тапсырма №2
Берілген сөздердің қайсысы негізгі етістік, қайсысы туынды етістік екенін анықта.
Шығар, жаптыр, отыр,жазғыз,жар,өргіз,буландыр,барған,жүір,сөйле,оқы,ал,келтір,кешір,жарып, келетін, айт, төсе,ағарту, жеткен, қайт,қал, аула, ұста, біл,көр,үйрен, көмектес, жалқауланба.
Достарыңызбен бөлісу: |