Тапсырма №1
Берілген сан есімдерден реттік сан есімдер жасап, оларды сөзбен жазыңдар.
Үлгі: 7-жеті-жетінші
7,10,1,3,100,28,37,695,470,259,627,1992,187,369,2014,1990,1991.
Тапсырма №2
Көп нүктенің орнына қажетті реттік сан есімдерді қойып, мәтінге ат қой.
Мен .... жылы дүниеге келдім. Отбасымыздағы ... баламын. Сондықтан мені бәрі жақсы көреді. ... жылы мектепке бардым.
Қазақ тілін ... сыныптан бастап үйреніп жүрмін. Үйіміздің нөмірі - ... . Қазір ... сыныпта оқимын. Мектепті ... жылы бітіремін. Бізде аптаның ... күні – демалыс.
Тапсырма №3
Мақал-мәтелдерден сан есімдерді тауып, қандай сан есімнің түрі екенін анықта.
Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.
Біреу жанына жолдас,
Біреу малыңа жолдас.
Тапсырма№6
Дара сан есімдерді бір бағанға, күрделі сан есімдерді бір бағанға жазыңдар.
Отыз, тоқсан,елу, жетпіс жеті, алпыс тоғыз, жүз елу үш, он сегіз, жиырма төрт, мың екі жүз елу сегіз, алты, үш, қырық екі, жиырма жеті, он үш, тоқсан,тоғыз, екі, алпыс, үш,төрт-бес, екіден бір, алпыс-жетпіс, бес-бестен, он-оннан, екі-үш, бір бүтін үштен екі.
Тапсырма №7
Берілген сан есімдерден реттік, топтау, жинақтық, болжалдық сан есімдер жасап, сөзбен жазыңдар.
Үлгі: Есептік сан есім: бес, ...
Реттік сан есім: бесінші, ...
Жинақтық сан есім: бесеу, ...
Топтау сан есім: бес-бестен, ...
Болжалдық сан есім: беске жуық, ...
5,7,3,20,180,1000,34,71,82,120.
Есімдік
Зат есім, сын есім, сан есімдердің орнына қолданылатын сөз табы есімдік деп аталады.
Есімдік мағынасына қарай 7 топқа бөлінеді:
1.Жіктеу есімдігі (мен,сен,ол,біз,біздер, сендер, сіздер,олар)
2.Сілтеу есімдігі (бұл,сол,ол,осы,осынау,сонау,анау,ана,мына,мынау,әне,міне)
3.Сұрау есімдігі (кім?,не?,қай?,қандай?,қанша?,неше?,нешеу?,нешінші?,қайда?,қайдан?,қалай?,қашан?,қайдағы?,қашанғы?)
4. Өздік есімдігі (өз,өзім,өзің,өзіөздіміз,өздері)
5. Жалпылау есімдігі
(бәрі,барлық,бар,барша,бүкіл,күллі,бүтін,түгел,тегіс)
6. Болымсыздық есімдігі (ештеңе,ештеме, ешкім,ешбір,ешқашан,ешқандай,ешқайда,ешқайсысы,дәнеңе)
7. Белгісіздік есімдігі
(біреу,кейбіреу,әркім,әлдекім,кейбір,кімде-кім,әрбір,әлдеқайда,бірнеше,әлденеше,біраз,әрқашан).
Достарыңызбен бөлісу: |