Тапсырма №1 Педагогикалық технология кестесін және технологиялық картасының сызбасын түсіру
«Технология» термині сол тəсілдержүйесі (ілім) деген мағынаны білдіреді.
«Технология» түсінігі біркелкі емес түсіндіріледі.
С. Смирнов оны төмендегідей анықтайды:
- оқытуды ұйымдастыруда «форма» немесе «əдістеме» түсініктерінің синонимі ретінде (бақылау жұмысын орындау технологиясы, қарым-қатынас технологиясы);
- нақты педагогикалық жүйенің синонимі ретінде (оқытудың «дəстүрлі» технологиясы, В. В. Давыдов пен Д. Б. Элькониннің мектепке арналған жүйесі жəне т.б.)
Педагогикалық технология – бұл педагогикалық əрекеттер табысына кепіл болардай қатқыл ғылыми жоба. Əрі сол жобаның дəл жаңғырып іске асуы.
Педагогикалық технология – кешенді үдеріс. Ол өз құрамына адамдарды, идеяларды, құрал-жабдықтарды, сонымен бірге жоспарлау, қамсыздандыру, бағалау жəне білім меңгерудің барша қырлары жөніндегі проблемалардың шешімін басқаруды қамтиды.
Педагогикалық технологиялар көп түрлі болуына қарамастан, олардың іске асуының екі ғана жолы бар. Біріншісі – теориялық негізде орындалуы (В. Б. Беспалько, В. В. Данилов, В. К. Дьяченко жəне т.б.), екіншісі – тəжірибе арқылы жүзеге асуы (Е. Н. Ильина, С. Н. Лысенкова, В. Ф. Шаталов жəне т.б.).
Б. Т. Лихачев
«Педагогикалық технология – бұл оқытудың формасын, əдісін, тəсілін, тəрбиенің құралын жинақтауды анықтайтын психологиялық-педагогикалық құрылғылардың жинағы»
Г. К. Селевко
«Педагогикалық технология» түсінігін 3 аспект бойынша қарастырады:
- ғылыми: педагогикалық технология – жобаланған педагогикалық үдерісті жəне оқытудың əдісі мен мазмұнын, мақсатын оқытатын, педагогикалық ғылымның бөлімі;
- бейнелеулі іс-жүргізу: оқытудың жоспарланған нəтижесіне жету үшін əдістер мен құралдарды, мазмұны мен мақсатының жиынтығын бейнелейтін үдеріс;
- нақтылы іс-жүргізу: технологиялық үдерістерді жүзеге асыру, педагогикалық, əдістемелік жəне тұлғалық құралдарды жинақтау
В. В. Воронов
«Педагогикалық технология – бұл тиімді оқыту жүйесін құрумен айналысатын жаңа бағыт»
«Технология – бұл дидактикалық жүйенің құрамды бөлігі»
Білім берудегі ізгілендіру технологиясы. Амонашвили Ш. А.
- баланың жеке қасиеттерін ашу арқылы азамат етіп тəрбиелеу;
- баланың жаны мен жүрегіне жылылық ұялату;
- баланың танымдық күшін қалыптастыру жəне дамыту.
Тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы (В. Ф. Шаталов)
- білім, білік, дағдыны қалыптастыру;
- жеке мəліметтерге қарамастан барлық баланы оқыту;
- оқытуды жеделдету (орта мектепті 9 жылда аяқтау).
Түсіндіре басқарып оза оқыту технологиясы (Лысенкова С. Н.)
- білім, білік, дағдыны меңгерту;
- мемлекеттік стандарт көлемінде білім беру;
- барлық баланы табысты оқыту.
Бағдарламалап оқыту технологиясы (Б. Скиннер, Н. Краудер, В. П. Беспалько)
- ғылыми негізде түзілген бағдарлама негізінде оқытудың тиімділігін арттыру