2. Қатты шанкр 3. Трофикалық жара
4. Декубитальды жара
5. Обыр жарасы.
Тапсырма №108. Жасы 48-дегі әйел аузының құрғауына ысып-күйіп мазалайтынына, кілегей қабығының кедір-бұдырлығына шағымданады. «Қант диабеті, компенсацияланған түрі» деген диагнозбен дәрігер-эндокринологта диспансерлік бақылауда тұрады. Қарап тексергенде: тілінің үстінде және ұртында ақшыл-сұр түсті таға құрап орналасқан, оңай алынатын қақтар анықталады. Қақтар алынған аймақта кілегей қабық қатты қызарып, домбыққан.
Осы сипаттамаға төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?
А) + Ауыз кандидозы
В) Лейкоплакия
С) Қызыл жегі
Д) Қызыл жалпақ теміреткі
Е) Ауыздың созылмалы зақымы
Тапсырма №109. Жасы 49-дегі әйел тілінің бүйір бетінің құрғауына, ысып-күйіп мазалайтынына, кілегей қабығының кедір-бұдырлығына шағымданады. «Қант диабеті, компенсацияланан түрі » деген диагнозбен дәрігер-эндокринологта диспансерлік бақылауда 4 жыл тұрады. Қарап тексергенде: тілі аздап домбыққан, бүйір беттерінде тістердің ізі қалған, үстінде қалың ақшыл-сұр түсті қақ анықталады және күшпен қырылып ашылады.Тілдің жіпке ұқсас бүртіктері аздап ұзарып, қалыңдаған.
Осы сипаттамаға төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?
А)Биопсия
В)Қанның жалпы құрамын талдау
С) Иммунологиялық зерттеу
Д) Серологиялық зерттеу
Е) + Қырманы микроскопиялық зерттеу
Тапсырма №110. 55 жастағы әйел адам дәрігер стоматологқа ауыз қуысының құрғап, күйіп тұратынына, ауыратынын айтып шағымданды.Айтылған шағымдар 2 жеті бүйрек ауруы бойнша емделу барысында дәрі қабылдағаннан кейін пайда болған. Қарап тексерганде: ауыз қуысы кілегей қабығы қаныққан қызыл түстес, құрғақ, жылтыр, тілдің жіпше тәріздес бүртіктері атрофияланған.
Диагнозды анықтау үшін қандай тексеру әдісін жүргізу керек?
1.Қанның жалпы анализі
2.+ жақпа микроскопиясы
3.Эпителидің бүтіндігін тексеру
4.Вуд сәулесінде тексеру
5.Кавецкий сынамасы