Ортасы
10 минут
|
Қолдану
Орта ғасырлар, орта ғасыр (лат. medіum acvum) – адамзат тарихының ежелгі дүние мен жаңа тарих аралығындағы кезеңі.
Орта ғасыр деген ұғымды XV – XVI ғасырларда Қайта өркендеу дәуірінің итальян тарихшы-гуманистері (Ф.Бьондо, т. б.) енгізіп, ғылымда XVIII ғасырда бекіді. Орта ғасыр – Батыс Еуропада феодалдықтың өмірге келіп, үстемдік құруы және ыдырай бастау дәуірі. КСРО кезіндегі тарих ғылымында Орта ғасырға құл иеленуші Рим империясының күйреуі (шартты түрде 476 жылы) мен XVII ғасырдағы ағылшын революциясына дейінгі кезең жатқызылды. Бұл Еуропада он екі ғасырға тең уақыт, ал Шығыс елдері кейіндеу дамығандықтан, бұл заңдылық сақталмайды. Орта ғасыр ұғымы тарих ғылымында Еуропа тарихи деректемелеріне сай пайда болып, жете зерттелген. Дегенмен, бұл ұғым дүние жүзінің басқа аймақтарында да қолданылады. Соңғы кезде тарих ғылымында Орта ғасырдың басталуы арабтардың Еуропаға шабуылы басталған кез (VIII ғасырдың басы), ал аяқталуы – Константинопольдің құлауы (1453 ж.), Американың ашылуы (1492 ж.), Германияда реформация мен шаруалар соғысы (1525 ж.) деген әр түрлі көзқарастар орын алып отыр. Орта ғасыр тарихын зерттейтін ғылым медиевистика деп аталады.
|