Білу және түсіну
Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.
1. Атлах шайқасының маңыздылығы жазылған карточкаларды ұсыныңыз (В. Бартольд зерттеулері бойынша).
Атлах шайқасы туралы қытайтарихшылары оқиғаның қалай болғанын жазып алды.Қазіргі кездегі түркі тілдес халықтар (мысалы қазақтар).Атлах шайқасын ұлы жеңістерінің бірі деп санайды. Тан империясы 751 ж. Атлах шайқасынан кейін ұзақ уақыт шабуылдарын жалғастырды.Атлах шайқасына қарамастан арабтар мен қытайлықтар бір – бірімен қарым – қатынасты жалғастырды.
Атлах шайқасында түркі әскері арабтарды қолдады.
Атлах шайқасынан кейін қытайлықтар Жетісуды біржолата тастап кетуге мәжбүр болды.
Орта Азия халықтары Атлах шайқасынан бұрын қағазды пайдаланып келген еді.
Атлах шайқасы Орта Азия халықтарына түркі әскерінің күштілігін, шеберлігін көрсетуге ықпал етті.
Араб жазбалары Атлах шайқасына көп көңіл бөлмей жазды, өйткені сол сәтте бұл оқиғадан гөрі өзге маңыздырақ оқиғалар болған еді.
2. Орта ғасырлар тарихы адамзат өмірінің аса маңызды кезеңінің бірі болды. Орта ғасырлар құл иеленушілік құрылыстың жойылуынан, оның орнына феодалдық құрылыстың келуінен басталды. Феодалдық құрылыс бұрынғы құл иеленушілікке қарағанда озық құрылыс болды. Қоғамның негізгі өндіргіш күші - еңбекші халық бұқарасының еңбек өнімділігін арттыра түсуге деген ынтасы феодалдық құрылыс кезінде әлдеқайда өсе түсті. Орта ғасырлар кезінде әлем халықтарының өмірге, оның мән-мақсатына деген ой-пікірін, көзқарасын тұжырымдауға зор үлес қосқан жаңа христиан және ислам діндері қалыптасты. Христиан дінінің басшылары күпірлерді қудалауға ұшыратты. Батыс Еуропа халықтарын Шығыс елдеріне айдап салып отырды.
Орта ғасырларда католик шіркеуін түбірімен қайта құруға бағытталған қозғалыс - реформация өріс алды. Оның жақтастары папалардың діндарларды басқару құқын мойындаудан бас тартты. Шіркеу жерлерін тартып алуды, монастырьларды жабуды, икондар мен әулиелерге табынуды жоюды, индульгенция сатуға тыйым салуды, киелі кітапты адамдардың бәріне бірдей оқуға рұқсат берілуін талап етті. Реформация Еуропаның көптеген елдерінде (Солтүстік Германияда, Швейцарияда, Нидерланд мен Англияда, Дания мен Швецияда т. б.) жеңіске жетті.
Орта ғасырларда адамға деген жаңа көзқарастан туындаған гуманистік идея өмірге келіп, нығая түсті.
Орта ғасырларда Осман түріктері Византия империясын басып алып, еуропалықтардың Шығысқа баратын жолын жауып тастады. Еуропалықтар өз қазыналарын молайтып отыру үшін Шығысқа теңіз арқылы бет түзеді. Соның арқасында ұлы географиялық ашулар жасалды. Оның нәтижесінде еуропалықтардың әлем туралы, оның халықтары жайлы білімдері, ой өрістері кеңейе түсті. Орта ғасырларда адамзат тарихындағы ұлы жаңалықтардың бірі - кітап басып шығару өмірге келді. Ол білімнің, ғылымның, өнердің кең қанат жаюына мүмкіндік туғызды. Жоғары оқу орындары - университеттер ашылды. Мәдениет қалың халық бұқарасының игілігіне айнала бастады. Көптеген таңғажайып ортағасырлық өнер туындылары дүниеге келді. Ғылым-білімнің дамуы сағат, су двигателі, домна пеші, оқ-дәрімен атылатын қару сияқты құрал-саймандардың өмірге келуіне себеп болды.
|