Шағын жинақталған мектептерде жаңартылған білім мазмұнына көшу, білім алушылардың белсенділігін арттыру, оқу барысында қажетті білімді тек қана оқулықтағы тақырыптар аясында ғана емес заман талабына сәйкес және де қазіргі жаңартылған білім жүйесінің талаптарына негізделе отырып интернет желісі арқылы өз білімдерін жетілдіруді қалыптастырады. Оқушы өздігінен білім алу қабілетін дамытады. Мұғалім әр оқушымен индивидуалды жұмыс жасап, олардың арасында жақын қарым-қатынас орнатады. Бұл білім алушыға сенімділік арттырып, жауапкершілікті жүктейді. Мұғалім әр оқушыға қолдау көрсетеді. Сыныпта жұптық жаттығулар кезінде оқушылар өз ара сенім орнатып, талқылау тақырыбына толықтай қатысады.