Терминологияны нормалау дегеніміз — мамандардың сөйлеу тәжірибесінен терминдердің қолданылуы мен жасалуының ережелерін және барынша дәл, қолайлы варианттарын таңдау және мұндай варианттардың таңдаулысын бекіту.
Дұрыс құрылған терминдік жүйе ғылыми ұғымдар мен олардың байланысын көрсетіп тұруы тиіс. Сондықтан оңтайландырудың негізгі міндеті — терминдердің өзі атап тұрған ұғымның негізгі жіктемелік белгілерін тура немесе жанама бейнелейтін, қолдануға ыңғайлы, ықшам формаларын іздеу болып табылады;
Достарыңызбен бөлісу: |