Кәсіби терминологиядегеніміз ғылым, техника, өндіріс т. б. саласындағы арнаулы ұғымдар мен зат атауларын дәл білдіру үшін жасалған сөздер мен сөз тіркестерінің жиынтығы.
Бір тілдің шеңберінде қолданылатын терминдердің жиынтығы терминология деп аталады. Терминология әдеби тіл лексикасының бір саласы болып табылады. Қазақ терминологиясы қазіргі таңда жан-жақты қарастырылып, қауырт жиналып терілуде. Терминдердің отыздан аса сөздігі басылып, шықты. Дегенмен, қазақ терминологиясы әлі де байсалды түрде үңіле қарап, тереңірек зерттеуді қажет етеді.
Арнаулы сөздердің бір түрі — кәсіби сөздерге жалпы халыққа бірдей түсінікті бола бермейтін, белгілі кәсіп я шаруашылық саласымен шұғылданатын адамдардың арасында ғана айтылып, соларға түсінікті сөздер мен сөз тіркестері жатады.