Біз миллиардтаған
Жасушалардан тұрамыз
Жердегі тірі ағзаның барлығы мыңдаған жасушалар санынан
құралады. Əр жасуша өте
кішкентай. Өте кішкентай болғаны соншалықты,
оларды көп есе үлкейтетін
микроскоптың көмегімен ғана көруге болады. ДНҚ
орналасқан əр жасушада мембрана жəне ядро бар.
Генетикалық куəлік?
ДНҚ əрқайсысы мыңдаған «маржаннан» тұратын, гендердің жиынтығынан тұрады. Осы гендердің
барлығының бірге жиналуы, жеке адамның генетикалық куəлігін құрайды.
Тұлғаның генетикалық
куəлігін қалай ажыратуға
болады? Генетик өлген адамнан табылған бірнеше
шаштың тірі жасушаларын немесе темекі тұқылында қалған сілекейін алады. Ол бұл заттардың барлығын
жасушадағы ДНҚ айналасындағылардың
барлығын жоятын бір
затпен араластырады. Бұл операция күдікті қанынан алынған жасушалармен де жасалады. Содан кейін ДНҚ арнайы сараптамаға дайындалады. Бұдан кейін ДНҚ арнайы бір сұйықтық пен араластырылады, ал осы сұйықтықтың бойымен ток жүргізіледі. Бірнеше сағаттан кейін штрих-код
(азық-түлік қораптарының
сыртында болатын штрих-
кодқа ұқсас) сияқты жолақтар көріне бастайды.
Жəне бұл жолақтар арнайы жарықпен көрінеді. Күдіктінің ДНҚ штрих-коды өлген адамнан табылған шаштардан алынған осындай штрих-кодпен салыстырылады.
|