Қорытынды Жүйелік-құрылымдық және функционалдық аспект бірлігі принципіне негізделген грамматика функционалды грамматика деп аталады. Функционалды грамматика ойды жеткізуші грамматикалық бірліктер қызметінің заңдылықтарын тілдік жүйенің түрлі деңгейдегі элементтерімен өзара арақатынаста зерттейді. Функционалды грамматика тілдік құралдардың қызметін формадан мағынаға қарай ғана емес, мағынадан формаға қарай да үндестіре зерттейді. Бұл бағыттағы зерттеулерде басымдық формаға емес, мағынаға беріледі, зерттеу нәтижесінде нақты бір мағынаны беретін тілдік құралдардың жиынтығы анықталады. Функционалды грамматиканың негізгі зерттеу пәні функционалдық негізі бар тілдік бірліктер – аспектуалдық категориясы.
Пайдаланылған әдебиеттер: Шалабай Б. Қазіргі қазақ тілі. Синткасис: оқу құралы. Алматы: Қазақ университеті, 2012. – 186 б.
https://articlekz.com/kk/article/23893
Дүйсембекова Л.С. Аспектуалдылықтың түркі тілдерінде зерттелуі. ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. № 4 (144). 2013. − 14-18 б.
Бондарко А. В. Принципы функциональной грамматики и вопросы аспектологии. Л.: Наука, 1983. с. 76-156.
Әлкебаева Д.А. Қазақ тілінің функционалды грамматикасы. − Алматы, 2013.– 157 б