Тапсырма: «Қазақ тіліндегі аспектуалдық категориясының өзіне тән ерекшеліктеріне жалпы сипаттама»



бет2/4
Дата09.04.2023
өлшемі130,39 Kb.
#80791
1   2   3   4
Байланысты:
stud.kz-110021

Негізгі бөлім
2.1.Аспектуалдық категориясына жалпы сипаттама


Аспектуалдылық шақ идеясымен байланысты қарастырылады. Бұл салаға аспектуалдылық (қимылдың ішкі сипаты), уақытша шектеу (локализованность – ішкі және сыртқы қимылдың ерекше ара қатынасы), темпоралдылық (ішкі қимыл) және таксис (қимылдың уақытқа қатынасы) жатады.

Аспектуалдылық пен аспектуалды қатынастардың семантикалық орталығы етістікті предикат болып табылады. Кейде аспектуалдылық элементтері предикаттық шектен шығып кетіп, сөйлемнің басқа бөліктеріне тарайды. Әсіресе бұл пысықтауыш қатынастарға байланысты (Дауыс ақырындап өшті). Аспектуалдық қатынастардың жеке предикативтік және пысықтауыштық сипаты предикаты бар (кешеннің өзегі), барлығы айтылым элементтерін сипаттайтын предикативтік кешенге бірігеді. Аспектуалдық мағынаны білдіретін (пысықтауыштан өзге) басқа тілдік құралдар, әсіресе жалғаулықтар мен демеуліктер, етістікті предикаттың айналасына топтасып, сөйлем құрамында оларды сипаттау мен жүйелеуге тікелей қатысады. Барлық жағдайда етістікті предикаттар аспектуалдық қатынастардың доминанты, орталық болып қалады.
Түркі тілдеріндегі аспектуалды мағыналы етістік формалары мен аналитикалық құрылымдар А. Казембек, И. Гиганов, Г. Алпаров, М. Иванов, К. Насыри еңбектерінде вид категориясына қатыссыз қарастырылған. Башқұрт тілінің алғашқы грамматикасының авторлары, бірқатар лингвист ғалымдар да (А. Мансұров, Г. Киекбаев) аспектуалды мағыналы етістік формаларын вид категориясына қатыссыз қарастырады. Н.К. Дмитриев, А.И. Харисов, Р.Н. Төреғүлова, К.З. Ахмеров т.б. башқұрттанушы ғалымдар амалдың өту сипатын білдіретін аналитикалық және морфологиялық құралдардың бірқатарын вид категориясына жатқызады, бірақ олардың өзіндік ерекшеліктерін де атап өтеді. Ал Б.Н. Головин, Р.З. Мурясов, К.З. Закирьянов өз еңбектерінде башқұрт тіліне етістіктің вид категориясының тән емес деген пікірді ұстанады.
Қазір жоғары оқу орындарына арнап жазылған оқулықтар мен оқу құралдарында башқұрт тіліндегі вид категориясы көрсетіліп жүр. Бірақ олардың мағынасы славян тілдеріндегі аталған категорияға қатысты қалыптасқан түсініктен өзгеше. Бүгінгі таңдағы ғылыми зерттеулер нәтижесі тұрғысынан алғанда бірқатар теориялық түсініктер қазіргі аспектология ұғымы аясында қайта қарастыруды қажет етеді. Р.А. Абуталипова өз зерттеуінде: «Мыс исходим из того, что в башкирском языке, как и в других тюркских языках, грамматическая категория глагольного вида отсутствует. Следовательно, при описании функционально-семантической категории аспектуальности будем ориентироваться на другие вербальные средства репрезентации аспектуальных значений – синтаксические, лексичсекие, морфологические, контекстные, интонационные и комбинированные, которые относятся к разным ярусам языковой иерархии» – деп жазады.
Амал-әрекеттің өту сипаты мен жасалуындағы түрлі ерекшеліктер түркі тілдерін зерттеушілер назарына ертеден-ақ іліккен.
П.М. Мелиорнаский, В.В. Катаринский, М. Терентьев т.б. ғалымдардың XIX ғасырда жарық көрген қазақ тіліне қатысты жазылған еңбектерінде қимылдың жасалуындағы ерекшеліктер көмекші етістіктердің қызметі тұрғысынан сөз болады. Қазақ тіліндегі көмекші етістіктердің қызметі мен мағынасына қатысты тіл білімінде әр түрлі көзқарастар мен пікірлер болды. Ол көзқарастардың, талас туғызып келген мәселенің бірқатары көрініс (орыс тіліндегі вид категориясы) категориясымен байланысты болды. Славян тілдеріне тән көрініс категориясы қазақ тілінде бар ма жоқ па деген мәселе көп уақыт шешімін таппай даулы мәселеге айналды. Н.К. Дмитриев, Н. Баскаков, Л.И. Харитонов, А.И. Харисов өз еңбектерінде түркі тілдерінде көрініс категориясы бар екендігін дәлелдеді. И. Ұйықбаев қазақ тілінің материалдары бойынша көрініс категориясына қатысты кандидаттық диссертация қорғады. Етістікті зерттеуші Ы. Маманов, Х. Махмудов, Н. Сауранбаев сынды ғалымдар да қазақ тілінде көрініс категориясы бар деген пікірде болды. Бұл көзқарастың қалыптасуына:
Н.К. Дмитриев, Н.А. Баскаков сияқты беделді түркітанушы ғалымдардың тұжырымдары; 2) сол кездегі қазақ тіл біліміне қатысты зерттеу жұмыстарына тигізген орыс тіл білімінің ықпалы; 3) етістіктің терең зерттелмеуі сияқты факторлар әсер еткен деп есептейміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет