Тапсырма:«Қазақ тіліндегі аспектуалдық категориясының өзіне тән ерекшеліктеріне жалпы сипаттама»
Орындаған: Аман Мерей Өскенқызы Қабылдаған: Алкебаева Дина Акбергеновна 2021 жыл
Мазмұны І.Кіріспе......................................................................................................................
ІІ.Негізгі бөлім...........................................................................................................
2.1.Аспектуалдық категориясына жалпы сипаттама 2.2.Аспектуалдық категориясына тән ерекшеліктер ІІІ.Қорытынды...........................................................................................................
IV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…...................................................................
Кіріспе Дәстүрлі грамматикада аспектуалдылық түрлі тілдік құралдарды біріктіретін функционалды семантикалық категория ретінде түсіндіріледі. Бұл категорияның негізін шақтық формалар құрайды да, олар қимылдың өту сипаты деп аталатын лексика-грамматикалық категорияға топтастырылады. Бұл категория қимылдың басталуы, аяқталуы, жасалуы, жасалу үстінде болуы, созылыңқылығы, дағдылылығы немесе қысқалығы т.б. ішкі аспектілік сипатына қарай анықталады. Аспектуалдылықтың мағыналық шектерінде грамматикалық шақ жіктеу ұстанымдарының бірі ретінде алынады.
Аспектуалдылыққа уақыттың шектеулілік/шексіздік, белгілілік/белгісіздік, қимылдың өтпелі кезеңдері: тездігі, дүркінділігі, қайталануы, созылыңқылығы, ұдайылығы т.б. шегінің өзара айырмашылығы, жағдайы, қатынасы сияқты сипаттары жатады. Бұл аталғандардың барлығы қалай болғанда да, қимылдың «ішкі сипаттағы» құрылымын ашады.
Кез келген амал-әрекет ешқашан біркелкі орындалмайды. Қимылдың шапшаң я баяу, шұғыл не созылыңқы, тыңғылықты не босаң, біркелкі не үздік-создық т.б. түрлері кездеседі. Осы мағыналық реңктердің барлығы аспектуалдылық аясына енеді.
СӨЖ жұмысымның негізгі бөлімінде аспектуалдық категориясына жалпы сипаттама беремін. Негізгі бөлімнің екіншісінде аспектуалдық категориясына тән белгілерге тоқталамын. Қорытынды бөлімде тақырып бойынша жалпы қорытынды жасаймын.