Тапсырма: берілген сұрақтаға жауап жазыңыз



бет1/2
Дата06.12.2022
өлшемі22,49 Kb.
#55122
  1   2
Байланысты:
7апта жауаптары


Тапсырма: берілген сұрақтаға жауап жазыңыз

1. Мұғалім ұстанымы. Тиімді және сапалы оқыту. Табысты оқыту мен құзырлы мұғалім. ХХІ ғасырдың нағыз ұстазы қандай болмақ керек? Әрине, ол өз кәсібінің майталманы, осы мақсатқа рухани күш-жігерін, парасат-қуатын салу керектігі айтпаса да түсінікті. Бұл - әркімнің қолынан келе бермейтін, ерекше талантты қажет ететін, бай қиялды адамға тән қасиет. Сондай-ақ ұстаз күнбе- күнгі өзінің көп қырлы еңбегінде мазмұны әр түрлі кездейсоқ жайттардың туындап отыратынын алдын ала сезіп, болжап және оның оң шешімін табуға дайын болуға тиіс. Сондықтан да ұстазды әр баланың жан-дүниесін танып-білуші әрі оны жеке тұлға етіп қалыптастырушы, ел болашағының мүсіншісі деуге болады. Ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсынов «Білім – біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік – сол білімді іске асыра білу дағдысы» – деп бекер айтпаған. [1, 77-б.]. Білім сапасын арттыру, бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Осы мәселені шешу – білім беру мазмұнын жаңашаландырумен, оқу үрдісін ұйымдастыру технологиясы мен әдістерін жетілдіру. Сондай-ақ, білім беру мақсаты мен нәтижесіне ерекше мән берумен тығыз байланысты.


Басты мақсат – қоғамның ақпараттану, жаһандану кезеңінде қажет ақпаратты алып, шапшаң өңдеп, пайдалана білетін, бәсекеге қабілетті, өзіндік танымдық әрекет ете алатын жан-жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу.

2. Оқытудың ынталандырушы және аффекттік теориялары. Жақын арадағы даму аймағы.


Тақырып2
Оқытудағы жаңа тәсілдің теориялық негіздері
1 Оқытудың ынталандырушы және аффекттік теориялары.
2 Оқытудың әлеуметтік мәдени теориясы.
3 Өзін-өзі бақылау.Жақын арадағы даму аймағы.

Оқыту-үйрету және білім алу деген парадигманың ұзақ тарихы бар.Оқыту дегеніміз-оқушылардың ғылыми білім,іскерлік,дағдыларды меңгеруі,шығармашылық қабілеттерін дамыту,дүниетанымын,адамгершілік,эстетикалық көзқарастары мен сенімдерін қалыптастыру үшін мұғалімнің белсенді оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыруы және ынталандыру іс-әрекеті.


Оқыту процесі-екі жақты процесс болғандықтан мұғалім мен оқушылардың бірлескен іс-әрекетін,мұғалім тарапынан оқушы іс-әрекетіне басшылық етуді,жоспарлауды,ұйымдастыруды,басқаруды талап етеді.Адамның кәсіби іс-әрекетке жағымды қатынасы,адамды іс-әрекетке ынталандырушы күштердің,оның белсенділігінің себептері талдау мен байланысты.Оқытудың ынталандырушы және аффекттік теориялары.Өткен ғасырдың 70-80 жылдарында оқу туралы көптеген теориялық зерттеулер-гуманистік психологияға негізделінген болса,әр адамның оқу-әлеуеті мен тұжырымдамасы баса назар аудара отырып қарастырылған.Түйсікті дамытуда жеке еркіндік,талдау және сезімдердің мәніде зор екендігі туралы пікір алған болған факторлардың бірі.Маслоу төмен деңгейдегі қажеттіліктер қанағаттандырылған жағдайда ғана келесі деңгейге көшуге болады деп сендірген,себебі төмендегі деңгейде анағұрлым күшті болды.Маслоу деңгейлерді төмендегідей етіп,пайдалы талдау құрылымын жасады.
Бірінші деңгей-аштық шөлдеу,ұйқы,демалу және физикалық тәуелсіздік сияқты физиологиялық қажеттіліктер келесі деңгейге ауыспай тұрып қанағаттандырылуы керек.
Екінші деңгей-қауіпсіздікке деген қажеттілік болашағы болжанған және бірізділікке негізделген өмір болуын көздейді.
Үшінші деңгей-махаббатқа деген қажеттілік және біреуге қажет екеніңді сезіну,адамдардан жылулық күту.
Төртінші деңгей-құрмет көрсетуге қажеттілік.
Бесінші деңгей-өзін-өзі таныта білу.
Маслоу оқуды өзін-өзі көрсетудің бір жолы ретінде қарастыруға болады деп ойлайды.

3. Мұғалімнің оқушылардың қалай оқу керектігін үйрену қабілеттерін дамыту жөніндегі әрекеттері.


4. Оқушыларға бағытталған педагогикалық амал-тәсілдер мен педагогикалық қолдау.
5. Метатану деген не. Метатану аспектілерін санаттау.
6. Метатану және қалай оқу керектігін үйрету
7. Оқуда қолданылатын әңгіме түрлерінің (әңгіме-дебат, зерттеушілік әңгіме, куммулятивтік әңгіме) мазмұнын, тиімділігін кесте түрінде орындап жіберіңіз





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет