Тапсырма: Жұмыстарды орындау кезіндегі нұсқаулардың маңызы қандай екенін түсіндіріңіздер


Химиялық заттармен жұмыс жасау кезіндегі сақтық неден баталады



бет2/3
Дата09.06.2023
өлшемі55,53 Kb.
#100143
түріНұсқаулар
1   2   3
Байланысты:
1 семинар Еділбек Жанерке БО-31

3. Химиялық заттармен жұмыс жасау кезіндегі сақтық неден баталады.
1. Алдын ала оқып, жұмыстың мазмұнымен толық танысу;
2. Тәжірибеге қажетті ыдыстар, құрал – жабдықтар мен реактивтерді дайындап, оқытушыдан рұқсат алғаннан кейін жұмысты бастауға болады;
3. Жұмыс ретін және барысын нұсқаулық бойынша жүргізеді;
4. Тәжірибе барысындағы өзгерістерді мұқият бақылап, жұмыс орнын таза ұстау;
5. Тәжірибе нәтижесін арнайы жұмыс дәптеріне жазу;
6. Дәптерге күні, айы, тақырыбы, жұмыс барысы (сызбанұсқа немесе құрал суреті), байқалған құбылыстар, реакция теңдеулері, есептеулер және қорытындылар жазылады. Химиялық реактивтер және оларды дұрыс пайдалану.
Зертханалық жұмыстарға қажетті реактивтер арнайы столдар мен шкафтарда сақталады. Тазалығы жағынан реактивтер – химиялық таза (х.т.), анализ үшін таза (а.ү.т.), таза (т) деп бөлінеді. Осыдан басқа реактивтер: спектральды таза (сп.т.), ерекше таза (е.т.), тазартылған (т) және техникалық (техн) болып бөлінеді. Реактивтерді пайдаланғанда олардың қасиеттерін білген жөн (оталғыштығы, улылығы, қопарылыс беретін қоспалар түзуі). Ерітінділерді және құрғақ тұздарды шыны ыдыстарда сақтайды, оларды шыны, резина немесе ағаш тығынмен жабады. Әрбір реактиві бар ыдыста реактивтің аты, сапасы (х.т., а.ү.т. немесе т.б.) және концентрациясы көрсетіледі. Егер жазуы (этикеткасы) болмаса, ол реактивті пайдалануға қатаң тыйым салынады! Реактивтерді қолдану ережелері

  1. Тәжірибе үшін реактивті мүмкіндігінше аз алу керек (уақыт және реактив үнемделеді).

  2. Артық алынған реактивті қайта ыдысына салуға немесе құюға болмайды.

  3. Реактивті алғаннан кейін ыдысына тығынмен жауып орнына қояды.

  4. Құрғақ реактивтерді темір немесе фарфор қасықшамен немсе шпательмен алу керек.

  5. Егер реактивті пипеткамен алса, оны жуу керек.

  6. Улы және оталғыш заттармен аса сақтықпен жұмыс істеу керек.

Химиялық заттармен жұмыс жасаудағы сақтақ шаралары

  1. Қауіпті заттармен тәжірибені оқытушының рұқсатымен жүргізеді.

  2. Тартпа шкафта жұмыс істегенде оның терезесін 1/4 1/5 бойына көтеріп, жұмыс біткенде жауып қою керек.

  3. Тәжірибені кір ыдыста жасауға тыйым салынады.

  4. Аммиак, хлор, бром, иод, азот қышқылы т.б. ұшқыш заттар бөліне жүретін жұмыстарды тартпа шкафта жүргізу керек.

  5. Қышқылдарды және сілтілерді бір ыдыстан екіншісіне құюға зертхана қызметкердеріне ғана рұқсат беріледі.

  6. Рұқсатсыз химиялық ыдыстан су ішуге болмайды.

  7. Егер оталғыш сұйықтар немесе заттар жанса, спирт шамы тез өшірілуі, электр қондырғылары суырылып тасталуы, оталғыш заттар басқа жерге әкетілуі тиіс, жанған сұйықты асбест, жай көрпемен жабады, жанған фосфорды сулы құммен немесе сумен өшіреді.

  8. Киім жанса, көрпеге немесе пальтоға орап өшіру керек, еш уақытта қашуға болмайды.

  9. Электр сымы жанса, тез электр тоғын өшіріп, мүмкін әдіспен (құм, су, асбест көрпесі) өшіреді.

  10. Ашық жалынмен жұмыс істегенде оталғыш сұйықтары бар ыдыстарды 1м қашықтыққа қою керек.

  11. Оңай от алатын сұйықтарды («оос» бензин, спирт, эфир) бір ыдыстан екінші ыдысқа құйғанда ашық жалыннан 3м қашықтықта болуы керек.

  12. Концентрлі азот қышқылы кейбір оталғыш органикалық заттармен жанасқанда (скипидар, эфир майы, майлы қағаз, ағаш үгіндісі, ескі шүберектер, қиқымдар, т.б.) жануы мүмкін.

  13. Электролиз кезінде барлық контакт жақсы изоляцияланған болуы керек.

  14. Оталғыш немесе қопарылғыш заттардың қалдықтарын кабинаға немесе қоқыс салатын жерге тастауға болмайды. Оларды арнайы ыдысқа жинап, этикеткасын жазып қояды.

  15. Газ шыққаннан тексеру үшін сабын ерітіндісін қолданылады.

  16. 16. Кипп аппаратымен жұмысты ерекше сақтықпен жүргізу керек: а) құралдарға жанып тұрған спирт шамын жақындатуға болмайды; б) сутегімен жұмысты бастамас бұрын газдың тазалығын тексеру керек. Ол үшін сынауыққа сутегін толтырады (сынауықты төңкеріп ұстау керек). Сынауықты бармақпен жауып, отқа апарып ашу керек. Егер күшті дыбыс шықса, сутегімен бірге қоспада оттегі болғаны, демек сутегі таза емес. Таза сутегі дыбыссыз және жай ғана дыбыс шығарып жанады. Сутегі тазарғанша тексеру керек, содан кейін сутегімен жұмыс істеуге болады.

  17. Бөлінетін газды сақтықпен, ауаны желпіп иіскеу керек.

  18. Реактивтерді құйғанда шашырандысы бетке, киімге тимеу үшін ыдысты алысырақ ұстау керек.

  19. Сынауықты қыздырғанда аузын өзіңе немесе қасыңдағы жолдастарыңа қатаруға болмайды.

  20. Егер бетке немесе қолға қышқыл тамса, сумен тез жуып, сода ерітіндісімен өңдеу керек. Сілті тиген жерді сабынмен жуу керек.

  21. Күйген жерді калий перманганатының әдсіз ерітіндісімен жуу немесе құрғақ ұнтағымен ысқылау керек.

  22. Уланса немесе күшті күйсе тез дәрігерге бару керек.

  23. Зертханадан кетерде газ шүмегін және су ағатын шүмектерді тексеріп, тоқты өшіріп кету керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет