Тапсырма: Келесі сұрақтарға толық жауап әзірлеңіздер



бет2/6
Дата01.11.2023
өлшемі81,9 Kb.
#121348
түріКодекс
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
1 тапсырма

Өндірістік санитария - зиянды өндірістік факторлардың қызметкерлерге әсерін болғызбайтын немесе азайтатын санитарлық-гигиеналық, ұйымдастыру іс-шаралары мен техникалық құралдар жүйесі;
Еңбек Кодекстің қолданылу аясы:

  1. еңбек;

  2. еңбек қатынастарына тікелей байланысты;

  3. әлеуметтік әріптестік;

  4. еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қатынастарды реттейді.

Еңбек Кодексі, егер заңдарда және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе:
1) қызметкерлерге, оның ішінде мүлкінің меншік иелері, қатысушылары немесе акционерлері шетелдік жеке немесе заңды тұлғалар болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан ұйымдардың қызметкерлеріне;
2) жұмыс берушілерге, оның ішінде мүлкінің меншік иелері, қатысушылары немесе акционерлері шетелдік жеке немесе заңды тұлғалар болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан ұйымдарға қолданылады.
Қызметкерлердің жекелеген санаттарының еңбегін құқықтық реттеудің ерекшеліктері Еңбек Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленеді.
Қазақстан Республикасының заңдары Еңбек Кодексте белгіленген құқықтар, бостандықтар мен кепілдіктер деңгейін төмендетпеуге тиіс.
Еңбек шарттары, әлеуметтік әріптестік тараптарының келісімдері, ұжымдық шарттар, жұмыс берушінің еңбек саласындағы актілері
Еңбек қатынастары, сондай-ақ еңбек қатынастарына тікелей байланысты өзге де қатынастар еңбек шартында, жұмыс берушінің актісінде, келісімде және ұжымдық шартта реттеледі.
Әлеуметтік әріптестік тараптары келісімдерінің, ұжымдық шарттың, еңбек шартының, жұмыс беруші актілерінің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен салыстырғанда қызметкерлердің жағдайын нашарлататын ережелері жарамсыз деп танылады.
Келісімдердің, ұжымдық шарттың, еңбек шартының талаптары біржақты тәртіппен өзгертілмейді.
Жұмыс берушінің актілері
Жұмыс беруші Еңбек Кодекске және өзге де нормативтік құқықтық актілерге, еңбек шартына, келісімдерге, ұжымдық шартқа сәйкес өз құзыреті шегінде актілер шығарады.
Жұмыс беруші Еңбек Кодексте, ұжымдық шартта көзделген жағдайларда, қызметкерлер өкілдерінің келісімі бойынша немесе пікірін ескере отырып, актілер шығарады.
Жұмыс берушінің Қазақстан Республикасының еңбек заңдарымен, ұжымдық шартпен, келісімдермен салыстырғанда қызметкерлердің жағдайын нашарлататын не қызметкерлер өкілдерінің келісімі бойынша немесе пікірін ескере отырмаса, шығарылған актілері жарамсыз болып табылады.
 Жұмыс берушінің актілерін шығару кезінде қызметкерлер өкілдерінің пікірін ескеру немесе олармен келісу тәртібі:
1. Жұмыс беруші Еңбек Кодексте, келісімдерде, ұжымдық шартта көзделген жағдайларда қызметкерлер өкілдерінің пікірін ескере отырып немесе олармен келісе отырып актілер шығарады.
2. Актіні шығарар алдында жұмыс беруші оның жобасын және ол бойынша негіздемені сәйкес құрылған комиссияға ұсынады. Әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеуді қамтамасыз ету, ұжымдық келіссөздер жүргізу және ұжымдық шарттың жобасын дайындау және оны жасасу, Еңбек Кодекске сәйкес қызметкерлер өкілдерінің пікірі ескеріліп немесе солардың келісімі бойынша шығарылуы жүзеге асырылатын жұмыс беруші актілерінің жобаларын талқылау үшін, сондай-ақ ұжымдық шарттың орындалуын бақылауды ұйымдастыру үшін тараптар шешімі бойынша тең құқықтылық негізде тараптардың қажетті өкілеттіктер берілген өкілдерінен тұратын комиссиялар құрылады.
3. Жұмыс беруші актісінің жобасы табыс етілген күннен бастап үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде комиссияда талқыланады.
4. Комиссияның шешімдері хаттамамен ресімделеді, онда қызметкерлер өкілдерінің жұмыс беруші актісінің жобасымен келісетіні (келіспейтіні) көрсетіледі, олардың ұсыныстары болса жазылады.
5. Егер қызметкерлер өкілдерінің пікірінде жұмыс беруші актісінің жобасына келісім болмаған не оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар болған жағдайда, жұмыс беруші:
1) келіскен жағдайда қызметкерлер өкілдерінің ұсыныстары ескеріле отырып өзгертілген акт шығарады;
2) келіспеген жағдайда қызметкерлер өкілдерімен қосымша консультациялар өткізуге не олар ұсынған редакциядағы актіні шығаруға құқылы.
6. Шығару үшін Еңбек Кодекске сәйкес қызметкерлер өкілдерінің келісімі қажет болатын жұмыс беруші актілерінің жобалары бойынша келісімге келмеген жағдайда, туындаған келіспеушіліктер хаттамамен ресімделеді, осыдан кейін жұмыс беруші нормативтік актіні қабылдауға құқылы.
7. Жұмыс беруші ұсыныстарды толығымен не бір бөлігін ескермей акт шығарған кезде қызметкерлер өкілдері Еңбек Кодексте көзделген тәртіппен ұжымдық еңбек дауы рәсімін бастауға құқылы.
8. Егер жұмыс берушінің шығарған актісінде қызметкерлердің Еңбек Кодексте, еңбек шартында, ұжымдық шартта, келісімдерде көзделген құқықтары мен кепілдіктерін бұзатын не нашарлататын ережелер болған жағдайда, оған еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның тиісті мемлекеттік еңбек инспекциясына не сотқа шағым жасауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет