Тапсырма: Келесі сұрақтарға толық жауап әзірлеңіздер


Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының принциптері



бет4/6
Дата01.11.2023
өлшемі81,9 Kb.
#121348
түріКодекс
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
1 тапсырма

Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының принциптері

  • Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының принциптері:

  • адам мен азаматтың еңбек саласындағы құқықтарының шектелуіне жол бермеу. Еңбек Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген жағдайлар мен тәртіптен басқа, ешкімнің де еңбек саласындағы құқықтарына шек қойылмайды,

  • еңбек бостандығы. Әркімнің де еңбекті еркін таңдауға немесе еңбекке қандай да болмасын кемсітушіліксіз және мәжбүрлеусіз еркін келісуге құқығы, өзінің еңбекке қабілеттілігіне иелік етуге, кәсіп және қызмет түрін таңдауға құқығы бар.

  • кемсітушілікке, мәжбүрлі еңбекке және балалар еңбегінің ең нашар түрлеріне тыйым салу.

1. Әркімнің де еңбек саласындағы өз құқықтары мен бостандығын іске асыруға тең мүмкіндіктері бар.
2. Ешкімді де өзінің еңбек құқықтарын іске асыру кезінде жынысына, жасына, дене кемістіктеріне, нәсіліне, ұлтына, тіліне, мүліктік, әлеуметтік және лауазымдық жағдайына, тұратын жеріне, дінге көзқарасына, саяси сеніміне, руға немесе текке-топқа, қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығына байланысты ешқандай кемсітуге болмайды.
3. Еңбектің осы түріне тән талаптармен айқындалатын не әлеуметтік және құқықтық басымдықпен қорғалуға мұқтаж адамдар жөнінде мемлекеттің ерекше қамқорлығынан туындаған өзгешеліктер, ерекшеліктер, артықшылықтар мен шектеулер кемсітушілік болып табылмайды.
4. Еңбек саласында кемсітушілікке ұшырадым деп есептейтін адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен сотқа немесе өзге де орындарға жүгінуге құқылы.
5.Мәжбүрлі еңбекке тыйым салынған.
Мәжбүрлі еңбек мынадай жұмыстарды:

  • Қазақстан Республикасының міндетті әскери қызмет туралы заңдарына орай талап етілетін;

  • азаматтардың Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген әдеттегі азаматтық міндеттерінің бөлігі болып табылатын;

  • жұмыс мемлекеттік органдардың қадағалауымен және бақылауымен жүргізілетін және жұмысты орындайтын адам жеке және (немесе) заңды тұлғалардың билігіне берілмейтін немесе тапсырылмайтын жағдайда қандай да бір адамнан соттың заңды күшіне енген үкіміне байланысты талап етілетін;

  • төтенше жағдайлар немесе соғыс жағдайында талап етілетін;

  • ұжымның тікелей пайдасы үшін осы ұжым мүшелері орындайтын және сол себепті, олардың немесе олардың өкілдерінің бұл жұмыстардың орындылығына қатысты өз пікірін айтуға құқығы болған жағдайда, ұжым мүшелерінің әдеттегі азаматтық міндеттері болып есептелетін жұмыстарды қоспағанда, қандай да бір адамнан қандай да бір жаза қолдану қаупімен талап етілетін, оны орындау үшін бұл адам ерікті түрде өз қызметін ұсынбаған кез келген жұмысты немесе қызметті білдіреді,

  • қауіпсіздік және гигиена талаптарына сай келетін еңбек жағдайларына құқықты қамтамасыз ету;

  • өндірістік қызмет нәтижелеріне қатысты алғанда қызметкердің өмірі мен денсаулығының басымдығы;

  • еңбегі үшін жалақының ең төменгі мөлшерінен кем емес, әділетті сыйақыға құқығын қамтамасыз ету;

  • тынығу құқығын қамтамасыз ету;

  • қызметкерлердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің теңдігі;

  • қызметкерлер мен жұмыс берушілердің өздерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін бірігу құқығын қамтамасыз ету;

  • әлеуметтік әріптестік;

  • еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелерін мемлекеттік реттеу;

  • қызметкерлер өкілдерінің Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыру құқығын қамтамасыз ету болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет