2-тапсырма. Монолог, диалог түрінде және аралас типті болып келетін күрделі фразалық тұтастыққа мысал келтіріңіздер.
3-тапсырма. Мәтінді құрылымдық-композициялық тұрғыдан бөлшектеп беріңіз: мәтінді құрайтын бөлімдердің шығарманың бірлігін, тұтастығын қалай сақтап тұрғанын, қалай бірігетінін, сол сияқты айтылатын оқиғалардың, фактілердің, іс-қимылдардың үзіліссіздігін қалай қамтамасыз ететіндігін талдаңыздар. Ол үшін көп нүктенің орнын толтырыңыздар.
Қуан шаңырағы – көп балалы шаңырақ болатын: бір үйде 14 бала болыпты. Байтақ қазақ сахарасында туып, өсіп-өнген өз замандастарының басындағы жай жас бала Құдайбергеннің де басында болғаны кәміл. Ұлдарының ішіндегі ең үлкені болғандықтан Құдайбергенді әкесі өзіне көмекші, қолғабыс етуші етіп дайындауды ұйғарыпты. Алайда, ол қазақ тұрмысында қалыптасқан көне ізбен кетпей, баласына тәрбиені басқаша беруге тырысты. Баланың үлкенін үй шаруасымен айналысуға баулитын дәстүр ұстанған жоқ...
Құдайбергеннің әкесі Қуан парасат иесі, ақылды адам болған көрінеді. Ауыл арасындағы ұсақ-түйек шаруамен айналысқаннан гөрі балаларының хат біліп қара тануын, оқу-біліммен айналысқанын қалады.
І.Кеңесбаев
Достарыңызбен бөлісу: |