Тапсырмалар 1-тапсырма. Мәтінді композициялық құрылымына, жанрлық-стильдік ерекшеліктеріне қарай ажыратыңыздар



бет6/8
Дата31.12.2021
өлшемі21,07 Kb.
#21507
1   2   3   4   5   6   7   8
5-жаттығу. Қазақ тілінің синтаксис саласындағы ғалымдар пікірлерімен танысып, мәтін лингвистикасымен байланысын түсіндіріңіздер.
Сөз айналадағы объективтік шындықтың адам басындағы сәулесі ретінде жеке-жеке ұғымды білдірсе, сөз тіркесі олардың грамматикалық қарым-қатынасын және мағыналық тобын білдіреді. Ал сөйлем жеке ұғымдардың синтезі ретіндегі байымдауды хабарлауды, сұрауды, модальділікті білдіреді. Әдетте бұлар жеке сөйлеммен тиянақталып, ойымыз жеке сөйлеммен аяқтала бермейді. Сөйлемнің аяқталған ойды білдіруі оның маңындағы басқа сөйлемдермен қатынасына қарап та айқындалады.... Контекстен бөліп алынған сөйлемдер әр уақытта мүлде аяқталған ойды білдірмейді, біршама ғана аяқталған ойды білдіреді (М.Балақаев, Т.Сайрамбаев. Қазіргі қазақ, тілі: Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі).

Синтаксис зерттейтін басты және ең келелі мәселе - сөйлемнің құрылысы. Бірақ синтаксистің объектісі осы ғана емес. Синтаксис түгел текст ішіндегі дара-дара сөйлемдердің де өзара байланысу, селбесу амалдарын зерттейді.

... Текске енген сөйлемдер өзара мағына жағынан, грамматикалық жағынан тығыз байланысты. Оларды байланыстыратын тәсілдер әр қилы. Осындай көлемін ескерсек, синтаксисті сөйлеудің құрылысын, стильдік нормаларын зерттейтін тіл ғылымының саласы деп те есептеуіміз керек (Р.Әмір, Ж.Әмірова. Жай сөйлем синтаксисі).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет