Тапсырма 6. Педагогикалық қарым-қатынас ұжымдағы қарым-қатынас ерекшеліктері: /ресми және бейресми түрлеріне талдау жасау /
Педагогикалық қарым-қатынас - белгілі бір педагогикалық қызмет атқаратын, жәйлі психологиялық климат құруға және оқу іс-әрекетін, педагог пен оқушы арасындағы, оқушылар ұжымы ішіндегі қатынастарды психологиялық тиімді етуге бағытталған оқытушы мен оқушының сабақтағы және сабақтан тыс уақыттағы кәсіптік қарым-қатынасы.
Педагогикалық қарым-қатынастың өзінің ерекшелігі бар, педагогтық қызметте ең бірінші мұғалімнің бейнесі (имидж) болу керек. Егер сабақты белсенді, сыйлы оқытушы оқытса, студенттің пәнге деген қызығушылығы арта түседі. Бірақ ол үшін оқытушы өз беделін әрқашан сақтау керек. Жас оқытушы студенттердің назарын өзіне аудару үшін көп ізденіп, көп жігер болу керек. Қазіргі кезде тек қана оқытушы рөлінде алда отырған оқушылар алдында беделді бола алмайсың, сондықтан әрқашан ізденіп, сөзі мен ісінде бір болу керек. Технология түрлерін білген жағдайда ғана педагог белгілі жағдайларда дұрыс мінез-құлық ұйымдастырады.Ол үшін оқытушы қатынас құрылымын, адекваттық тапсырмалар мен ерекше педагогикалық ситуациялар туғызуда психологиялық, мимикалық, тілдік, қозғалыс және т.б. жүйелі қабылдаулар қолданады. Бұндай қарым-қатынас әрекеті үшін ынталылық керек.
Тапсырма 7. Педагогикалық менеджмент субъектілерінің өзара әрекеттесуінін өктемшіл, демократиялық және либералдық стильдері /Әрқайсысына сипаттама беру, мысалдар келтіріңіз/
Достарыңызбен бөлісу: |